Жаңалықтар
18.12.2024

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЧИСТОПОЛЬЕ АУЫЛЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫ ЖАҢА ФЛЮОРОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

2024 жылы медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданындағы Чистополье ауылының дәрігерлік амбулаториясына «Инсар» ФМ жаңа рентгенографиялық стационарлық цифрлық аппаратын жеткізуді қамтамасыз етті.

Жаңа жабдық 2006 жылдан бері қолданылып келе жатқан және өз ресурсын толығымен тауысқан ескірген флюорографты алмастырды. Құрылғы ағымдағы жылдың қыркүйегінде орнатылды, бұл – аймақтағы медициналық көмекті жақсартудың маңызды қадамы болды.

«Ескі флюорография аппараты қазіргі заманғы талаптарға сай келмеді және сапалы диагностика жүргізуге мүмкіндік бермеді. Жаңа флюорограф тұрғындарға аурулардың, атап айтқанда туберкулездің ерте сатысында уақтылы анықталуын қамтамасыз етпек, - деп атап өтті Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы В.В. Авраменко.

Жаңа техника 2 527 тұрғыны бар Чистополье ауылының тұрғындарына, сондай-ақ көршілес 12 ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетеді, барлығы 4 069 адам. Күн сайын амбулаторияда 30-дан 40-қа дейін флюорографиялық суреттер түсіріледі, жабдықпен жұмысты оқытылған рентген-зертханашы орындайды.

Жаңа флюорографты жеткізу – өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және халық үшін сапалы диагностиканың қолжетімділігін арттыру жөніндегі «СҚ-Фармация» күш-жігерінің бір бөлігі.

Республиканың медициналық мекемелері үшін 2024 жылы «СҚ-Фармация» 396 медициналық техника сатып алды.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"