Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен отырыс өтті, оның күн тәртібінің бірі халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету болды.
Еліміздің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Еркен Жақатай баяндама жасады. «СҚ-Фармация» басшысы ҚР дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторының жылдар бөлінісіндегі қызметі туралы баяндады.
Еске сала кетейік, компания жұмыс істеген 15 жыл ішінде қол жеткізілген негізгі көрсеткіштерге ерекше назар аударылды. Айта кетейік, 2009 жылы ҚР Үкіметінің бастамасымен құрылған «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық мекемелерді қажетті дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету және қазақстандық фармацевтикалық өндірісті қолдау бойынша міндеттерді орындайды. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютордың күш-жігерінің арқасында бүкіл ел бойынша 1200-ден астам стационар мен 700 емхана дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды уақтылы алуда.
«Биыл бірыңғай дистрибьютор 480 млрд. теңге сомасына 1588 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алды. Бұл сатып алу 36 отандық тауар өндірушілерден, 34 шетелдік өндірушілерден, 3 ірі халықаралық ұйымдардан және 55 дистрибьютордан жүзеге асырылды. Олардың ақшалай көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 15 есе өсті. Нозологиялардың саны 10 есеге, 11-ден 120-ға дейін өсті», - деп атап өтті Е. Жақатай.
Сондай-ақ осы жылдар ішінде қызметтің маңызды элементі болып саналатын компанияның қойма логистикасы жүйесі жақсарды. Осы жылдар ішінде қоймалар саны артты: жалпы ауданы 300 мың текше метр болатын 1-ден 14-ке дейін. Медициналық бұйымдардың қолжетімділігін арттыру үшін «Қазпошта» АҚ-мен пилоттық жоба пысықталуда.
Сонымен қатар Еркен Жақатай фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және отандық тауар өндірушілерді қолдауға егжей-тегжейлі тоқталды. 2009 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор 4000-ға жуық өнім атауын қамти отырып, 35 қазақстандық өндірушімен ұзақ мерзімді шарттар жасасты. 2023 жылы «СҚ-Фармация» Қазақстанда оригиналды препараттар өндіру үшін Pfizer, Roche және AstraZeneca сияқты халықаралық фармацевтикалық алпауыттармен серіктестігін кеңейтті.
Бірыңғай дистрибьютор Төрағасы сөзінің соңында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «СҚ-Фармацияға» отандық фармацевтикалық индустрияны дамытуды тапсырды.
«СҚ-Фармация» қызметі фармацевтикалық өнімдер мен медициналық жабдықтардың отандық өндірісін дамытуға барынша ықпал етуі тиіс. Компанияның жаңа басшысы ретінде сіз бұл бағытты басымдық ретінде белгілеуіңіз керек», - деп атап өтті Премьер-министр.
Атап өтсек, қазір компания сатып алу рәсімдерін жоспарлаудан бастап сатып алуға дейін толық автоматтандыруға, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау экожүйесіне одан әрі интеграциялана отырып, бірыңғай ақпараттық база құруға бағытталған. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы сатып алуды басқарудың ашықтығы мен тиімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
«СҚ-Фармация» ЖШС инфрақұрылымды дамыту және ұлттық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыс медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және елдің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға ықпал ететініне сенімді.