Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның және жетекші салалық қауымдастықтардың қолдауымен өтетін 16-шы Еуразиялық фармацевтикалық форум басталды.
Форумды Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің денсаулық сақтау жүйесі үшін фармацевтикалық сектордың стратегиялық маңыздылығын атап өткен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев ашты. Өз сөзінде ол Қазақстанның фармацевтикалық секторының дамуы туралы айтып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды жетістіктерді атап өтті.
«Біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС жүйесін нығайтуды жалғастырудамыз. Осы тетіктердің арқасында Қазақстанның миллиондаған азаматтары өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерді тегін немесе жеңілдікті шарттармен алады. Сондай-ақ, жеңілдікті қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер тізбесін айтарлықтай кеңейтуге қол жеткізілді, бұл әсіресе созылмалы, онкологиялық және орфандық сырқаттары бар пациенттер үшін аса маңызды», - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.
Сондай-ақ, вице-министр 2024 жылы мемлекеттік қаражат есебінен 3 миллионнан астам пациентке 2 мыңнан астам дәрілік заттар сатып алынғанын атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстан халықаралық өндірушілерді жергіліктендіру, фармзауыттарды жаңғырту және инновациялық технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, отандық фармацевтикалық өндірісті белсенді дамытуды жалғастыруда.
Өз сөзінің соңында Е.Нұрлыбаев бүгінгі форум тәжірибе алмасу, жаңа шешімдер әзірлеу және елдер арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту үшін маңызды алаңға айналатынын атап өтті.
ЕАЭО елдеріндегі фармацевтиканың келешегіне арналған пленарлық пікірталас аясында «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Еркен Жақатай сөз сөйледі. Ол Бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі міндеттері мен нәтижелеріне тоқталып, оның негізгі миссиясы – халықты ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау және оның Қазақстан нарығында қатысуын арттыру екенін атап өтті.
СҚ-Фармация басшысы Бірыңғай дистрибьютордың келесі көрсеткіштерімен бөлісті:
- бүкіл ел бойынша 1213 стационар мен 711 емхананы қамтамасыз ету;
- стационарларда 2,5 млн емделуші және емханаларда рецепт бойынша 2,2 млн тегін дәрі-дәрмек алушы;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша 479,9 млрд теңгеге 1596 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алынды.
2024 жылы:
- ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде 35 отандық өндірушіден 143,92 млрд теңге сомасына (сатып алудың жалпы көлемінің 30%-ы);
- тікелей сатып алу арқылы 34 шетелдік өндірушіден 95,98 млрд теңге сомасына;
- халықаралық ұйымдар (БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, СТОП ТБ) арқылы 3,89 млрд теңге сомасына;
- тендер шеңберінде 55 дистрибьютордан 236, 15 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектер сатып алынды.
Еркен Жақатай «СҚ-Фармация» құрылғаннан бері үнемдеу көлемі шамамен 316 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Ол сондай-ақ бүгінгі таңда халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу бойынша оң динамика байқалып отырғанын және 2025 жылға сатып алулар өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары екенін айтты.
«СҚ-Фармация» фармацевтикалық нарықтың барлық кәсіби қатысушылары үшін ашық және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды белсенді талқылауға дайын. Біз өз алаңымызда сала сарапшыларын көруге қуаныштымыз», - деп атап өтті Еркен Жақатай.
Екі күн өтетін форумда «СҚ-Фармация» өкілдері ертең де саланы дамытудың негізгі мәселелерін талқылауға белсенді қатыспақ.