Бірыңғай дистрибьютордың атына азаматтардан жекеменшік дәріханаларыды белгілі бір дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы өтініштер жиі түсіп жатады. Біз әлеуметтік желілерде де осындай сұрақтарға тап боламыз. Адамдар жекеменшік дәріханаларда дәрі-дәрмектерді жеткізудегі іркілісерді «СҚ-Фармация» қызметімен қате байланыстырады.
Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін біз ресми түрде мәлімдейміз: «СҚ-Фармация» ЖШС жекеменшік дәріханалар үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, жеткізу және баға белгілеумен айналыспайды. Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сатып алуды жүзеге асырады. Фармацевтикалық нарықтың бөлшек сауда сегменті біздің құзыретімізге кірмейді.
Біз тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін екі деңгейде сатып аламыз және жеткіземіз: стационарлық – ауруханаларда дәрі-дәрмекпен емдеу; амбулаториялық – емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді алу.
Сатып алу стационарлық көмек шеңберінде медициналық ұйымдардың және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өтінімдері негізінде қатаң түрде жүргізіледі. Медициналық ұйымдар қажеттіліктіліктерін дәрі-дәрмектердің атауы, дозасы, шығару формасы, жеткізу көлемі мен кестесін көрсете отырып өздері анықтайды.
Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық өндірушілермен 10 жылға дейінгі мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасасу арқылы отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға қатысады.
Жекеменшік дәріханаларға келетін болсақ, олар кәсіпкерлік субъектілері болып табылады және нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейді. Дәріханалар көтерме дистрибьюторлардан сатып алады және өз қажеттіліктерін өздері болжайды.
Қорытындылай келе: жекеменшік дәріханалардағы іркілістер «СҚ-Фармация» қызметімен байланысты емес. Біз күш-жігерімізді ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге жұмылдырамыз. Бөлшек сауда сегментіне қатысты барлық сұрақтар дәріхана иелері мен олардың жеткізушілеріне жолданылуы тиіс.