Құрметті отандастар!
Бүкіл команда атынан «СҚ-Фармация» ЖШС барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл жарқын күн жылулық, мейірімділік пен үміттің бейнесі, бізді мәңгілік құндылықтар төңірегінде біріктіреді: махаббат, мейірімділік және жақындарымызға деген қамқорлық.
Үйлеріңізде үйлесімділік, жайлылық пен қуаныш орнасын, ал жүректертеріңіз жақсылыққа деген сенімге толы болсын.
Бұл мереке игі істер мен жаңа жетістіктерге шабыт беретін уақыт болғай. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.
Өз кезегінде бірыңғай дистрибьютор өз миссиясын жалғастыруда – еліміздің әрбір азаматының денсаулығына қамқорлық жасау.
Біз сапалы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектесе отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі бола алатынымызды мақтан тұтамыз.
2025 жыл Сіздерге және отбасыларыңызға тыныштық, өркендеу мен көптеген қуаныш әкелсін!