Ақмола облысында медициналық бұйымдар логистикасы бойынша пилоттық жоба басталды.
Денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта байланыс операторымен бірлесіп медициналық бұйымдардың логистикасын оңтайландыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосты. Жоба шеңберінде «Қазпошта» АҚ өзінің логистикалық қуатын пайдалана отырып, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтерін өтеусіз негізде ұсынады.
Ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтары:
Логистика басқармасының бастығы Сәкен Мелдебаев жобаның маңыздылығын атап өтті:
«Бұл жоба бізге логистикалық процестерді айтарлықтай оңтайландыруға және еліміздің ең шалғай өңірлерінде медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Қазпошта» АҚ-мен келіссөздер олардың кең инфрақұрылымды пайдалана отырып, сапалы сервис ұсынуға дайын екендігін растады. Бұл ынтымақтастық біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болатынына сенімдімін».
Жоба ынтымақтастық туралы келісім және өтеусіз қызмет көрсету шарты шеңберінде іске асырылады. Екі ұлттық оператор арасындағы бұл әріптестік бүкіл ел бойынша медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді.