Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
24.01.2025

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ҚОЙМАЛАРЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН 96% ТОЛТЫРЫЛҒАН

СҚ-Фармация дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы ретінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ел өңірлерінің медициналық ұйымдарының өтінімдері бойынша орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асырады.

Компания қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі міндеттерді күн сайын іске асыруды жалғастыруда. Мәселен, 2025 жылға еліміздің медициналық ұйымдары 1 727 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттіліктерін білдірді.

Бүгінгі таңда пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 1495 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алынды. Орташа есеппен алғанда, қоймаларымыздың толықтырылуы шамамен 96%-ды құрайды. Мәселен, өзекті статистика бойынша Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына өндірушілер мен жеткізушілер дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың 1326 атауын жеткізді.

Сонымен қатар, бүгінде қоймаларда 2024 жылдан қалған 1005 атау болатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ауыспалы қалдығы бар.

Айта кету керек, жөнелту және жеткізу күнделікті негізде жүзеге асырылады. Оның мониторингісі мен бақылауын Логистика басқармасы жүзеге асырады.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще