Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
20.09.2024

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ҚЫТАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУДА

Екі күн ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бастаған «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының басшылығы да қатысқан қазақстандық делегация Қытайдың жетекші медициналық және фармацевтикалық ұйымдарымен кездесулер өткізді.

Сапардың негізгі мақсаты Медициналық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және фармацевтика секторын дамыту болды.

Жұмыс сапарының бірінші күні Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау Комиссиясының басшысы Лэй Хайчаомен және ҚХР Мемлекеттік комиссиясы жанындағы денсаулық сақтау саласындағы халықаралық алмасу және ынтымақтастық орталығының басшылығымен кездесу өтті. Талқылауға фармацевтика, медициналық препараттар өндірісі және экологиялық таза технологиялар саласындағы жетекші қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бірлескен жобаларды іске асыруды және екіжақты әріптестікті дамытуды, сондай-ақ Қытай делегацияларының алдағы келіссөздер үшін Қазақстанға сапарларын жоспарлауды қамтыды.

Екінші күні қазақстандық делегация «Sino Biopharmaceutical Co., Ltd.» өкілдерімен кеңес өткізіп, онда фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. «СҚ-Фармация» басқарушы директоры Руслан Нұрмұханов ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу және келісімшарттық өндіріс мүмкіндіктерін қоса алғанда, инвестициялар үшін Қазақстанның әлеуетін таныстырды. Сонымен қатар, ол шарттар жасасу және қазақстандық нарыққа шығу процестерін, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі баяндайтын гайдбук ұсынды.

Қазақстандық тарап «Sino Biopharmaceutical Co., Ltd.» компаниясын шетелдік фармацевтикалық өндірушілермен тікелей шарттар бойынша сатып алуға қатысуға шақырды. Қытайлық әріптестер бұл мәселеге қызығушылық танытты және осы бағытты одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның фармацевтикалық нарығына жетекші шетелдік компанияларды тарту «СҚ- Фармация» басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қытайға сапар осы мақсаттарды жүзеге асыруға және халықаралық аренада Бірыңғай дистрибьютордың позициясын нығайтуға ықпал етеді.

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще