Бүгін Бірыңғай дистрибьютор қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның спикері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева болды.
Семинар аясында ол «СҚ-Фармация» қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
- Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жататын субъектілер шеңберін кеңейту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру;
- квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу;
- сыбайлас жемқорлықты арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту сияқты мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жазира Жылқышиева қатысушыларды халықаралық стандарттар мен превенцияның жаңа құралдарын енгізуді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға бағытталған заңнамадағы соңғы өзгерістермен таныстырды. Төменде көрсетілген мәселелер баяндаманың негізгі аспектілері болды:
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, соның ішінде олардың отбасыларына кез келген құнды сыйлықтар беруге толық тыйым;
- жақын туыстарымен тікелей бағыныста бірлескен жұмыс істеуге тыйым;
- лауазымдарға кандидаттардың ұйымда туыстарының бар екендігі туралы хабарлау міндеттемесі;
- сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау;
- сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғау және комплаенс-қызметінің жұмысын жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқық қолдану тәжірибесін талдауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауға және мүдделер қақтығысын реттеуге ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Бірыңғай дистрибьютор осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап көрсетеді және өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың озық әдістерін енгізуді жалғастыруда.