Жаңалықтар
20.08.2021

«ТОЦИЛИЗУМАБ» (АКТЕМРА) ЖӘНЕ «РЕМДЕСИВИР» ПРЕПАРАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ

Коронавирустық инфекцияны емдеу үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігін кідіріссіз қамтамасыз ету мәселесі ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұр.

Бірыңғай дистрибьютор коронавирустық инфекциямен күрес аясында елдің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына кесте бойынша дәрілік заттардың 91 атауы бойынша КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтілуде.

Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдар қалыптастырған көлемде сатып алуды жүзеге асыратынын және жеткізу кестесіне сәйкес медициналық ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жеткізетінін айта кету қажет.

«Тоцилизумаб» (Актемра)препаратымен қамтамасыз ету

Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға ТМККК және МӘМС көрсету шеңберінде стационарлық деңгейде «Тоцилизумаб» препаратын «Актемра» саудалық атаумен үш дәрілік түрде және дозада жеткізеді.

Препарат медициналық ұйымдарға жеткізу кестесіне сәйкес уақтылы жеткізіледі.

Дәрі-дәрмектердің қосымша көлемін сатып алу Бірыңғай дистрибьютордың атына еліміздің медициналық ұйымдарының жасаған өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдар мәлімдеген қосымша көлемді ескере отырып, 2021 жылға Тоцилизумаб (Актемра) препаратын – 7043 құты мөлшерінде сатып алды (қосымша көлемді ескере отырып, жыл басындағы өтініммен салыстырғанда 2 есе өсті).

Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша республиканың медициналық ұйымдарына – 4517 құты жеткізді. Бұл ретте 771 құты мерзімінен бұрын жөнелтілді.

2021 жылғы 2 тамызда Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына мерзімінен бұрын 1113 құты мөлшерінде препарат жеткізді.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық ұйымдардың қосымша қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор «Актемраны» екі дозада 1277 құты мөлшерінде қосымша жеткізу мәселесін пысықтады.

Аталған препаратқа деген сұраныс бүкіл әлемде COVID-19 ауруының өршуіне байланысты өсті. Медициналық ұйымдардан препаратқа қосымша өтінімдерді қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор тікелей келісімшарттар және препаратты жеткізудің басқа да тетіктері шеңберінде «Тоцилизумаб» препаратының қосымша көлемін сатып алу мәселесін пысықтауда.

«Ремдесивир» препаратымен қамтамасыз ету

Ремдесивир, лиофилизирленген ұнтақ 100 мг, препараты ҚР ДСМ 2020 жылғы
28 шілдедегі №ҚР ДСМ-90/2020 бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған БД тізіміне кірмейді.

Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор 2020 жылға арналған БД тізімінен тыс Қағидалардың 19-тарауына сәйкес ҚР ДСМ тапсырмасы бойынша, ҚР ДСМ 2020 жылғы 12 тамыздағы № 12-1-12/5011-И хатының негізінде «Ремдесивир, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 100 мг» препаратын сатып алды.

Ремдесивир, лиофилизирленген ұнтақ 100 мг, препараты клиникалық зерттеуге қатысу шеңберінде ересектердегі СОVID-19 коронавирустық инфекцияларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына 2021 жылғы 1 сәуірде енгізілді.

Облыстардың денсаулық сақтау және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының деректеріне сәйкес Ремдесивир препаратын медициналық ұйымдар дербес сатып алған және жеткілікті мөлшерде бар.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі тапсырмасының негізінде Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылғы 15 тамызға дейін жеткізу кестесімен Ремдесивир препаратының қосымша 124 707 құтысын сатып алды.

«Тоцилизумаб» және «Ремдесивир» препараттары клиникалық диагностика және емдеу протоколы СОVID-19 коронавирустық инфекциясы ересектерде тәжірибелік дәрі ретінде екендігін айта кету қажет.

Яғни, ол пациентке жеке немесе оның заңды өкілі ақпараттандырылған келісімге қол қойған кезде ғана тағайындалады. Дәрі-дәрмектер препараттың ықтимал пайдасы пациент үшін ықтимал қауіптен асып кеткен кезде медициналық кеңестің шешімі негізінде тағайындалады.

Бұл ретте «Тоцилизумаб» және «Ремдесивир» препараттары қалыптасқан COVID-19 емдеуге арналған препараттардың 2 айлық төмендемейтін қорына енгізілмеген.

Бірыңғай дистрибьютор тұрақты негізде Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың болуына және медициналық ұйымдардағы қалдыққа мониторинг жүргізеді.

Дәрі-дәрмектердің қосымша көлемін сатып алу медициналық ұйымдардың тұтынуын талдау және СҚ-Фармация қоймалары мен еліміздің медициналық ұйымдарындағы қалдықтардың мониторингі негізінде жүзеге асырылады. Апта сайынғы негізде ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады.

Сонымен қатар, пандемияның бірінші толқынынан қорытынды шығара отырып, ауруханалар мен провизорлық орталықтарды коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған барлық қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қанықтыру мәселесін тез әрі тиімді шешу үшін КВИ-мен байланысты жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар әзірленді.

Бірыңғай дистрибьютор коронавирустық инфекциямен күрес аясында елдің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Осы мақсатта медициналық ұйымдарда, сондай-ақ эпиджағдайға байланысты жедел жөнелту үшін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрілік заттардың қорлары құрылды.

Бірінші: БД қоймаларында 2 айлық дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілген

Денсаулық сақтау министрлігі 6,4 млрд. тнг сомасына COVID-19 емдеу үшін төмендемейтін қордағы дәрілердің 38 позициясын бекітті. Осы позициялар бойынша көлем айына 60 мың пациентті емдеуді қамтуға мүмкіндік береді. COVID-19 бойынша ДЗ екі айлық қорының көлемі өңірлерде 2020 жылы ДЗ тұтыну фактісі бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ХАБтарына бөлінді және сақталуда: Алматы қ. – 35%; Нұр-Сұлтан қ. – 30%; Ақтөбе қ. – 15%; Шымкент қ. – 20%.

Бірыңғай дистрибьютор төмендемейтін қордағы дәрілік заттарды медициналық ұйымдардың өтінімі бойынша сырқаттанушылық күрт өскен және COVID-19 емдеу үшін препараттарда тапшылық туындаған жағдайда пайдаланады. Медициналық ұйымдарға тиеп-жөнелтілуіне қарай төмендемейтін қордың пайдаланылған көлемі жедел толықтырылады және жаңартылады. Төмендемейтін қор көлемін Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс сатып алады.

Екінші: медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер қоры қамтамасыз етілді

Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына кесте бойынша КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтілуде, бұл – 91 позиция. Медициналық ұйымдарға 13,8 млрд. теңге сомасында жөнелтілді.

Үшінші: АДҚ тізбесі 5 атауға кеңейтілді (ыстықты түсіретін Парацетамол және Ибупрофен препараттары, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран антикоагулянттары). Аталған препараттар 2021 жылдың кезеңінде республика емханаларына 2 млрд. теңге сомасына жөнелтілді. Бұл ретте халыққа рецепт бойынша олар 1 млрд. теңгеге босатылды.

Төртінші: бөлшек сауда желісі үшін препараттар сатып алынды

Әкімдіктердің өтінімдері бойынша тапшылық туындаған жағдайда бөлшек сауда желісіне интервенция үшін 1,8 млрд. теңге сомасына 26 атау бойынша 2 айлық қор қалыптастырылды. Сондай-ақ, 10 млн. маска сатып алынды (оның ішінде 0,4 млрд. теңгеге 500 мың балалар маскасы). Маскалар сондай-ақ өңірлерде шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда бөлшек сауда дәріханалар арқылы сатуға арналған. Бұл қор Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында сақталады. Қорлар өңірлердің өтінімдері бойынша пайдаланылады және қажет болған жағдайда шұғыл жөнелтіледі.

Бесінші: ЖҚҚ қоры құрылды

Бірыңғай дистрибьютордың ХАБтарында сақталатын бір рет қолданылатын 200 мың костюм. Әрбір өңірде ЖҚҚ-ға қажеттілік аурудың өршуіне байланысты, осыған орай жедел жеткізу үшін Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында қорлар құрылды.

Алтыншы: медициналық қолғаптардың қоры қалыптастырылды

Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында «Шеврон» компаниясымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі қол қойылған меморандум шеңберінде 10 млн.жұп мөлшерінде медициналық бір реттік қолғаптардан қор қалыптастырылды.

Жетінші: халықты вакцинациялауға арналған шприцтердің қоры құрылды

Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялау басталғаннан кейін бір реттік өздігінен жойылатын шприцтердің қажетті қоры қалыптастырылады.

Осылайша, халықты вакцинациялаумен қамту үшін вакцинаның I және II компоненттерінің енгізілуін ескере отырып, 22,7 млн. шприц сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына кестеге сәйкес сатып алынған 12,82 млн. шприц келіп түсті, оның ішінде денсаулық сақтау басқармаларының жөнелтуге рұқсат қағаздарының негізінде өңірлерге 10,9 млн. шприц жөнелтілді, бұл КВИ-ға қарсы вакцинаның жөнелтілген көлемі үшін жеткілікті.

Анықтама:

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу Үкіметтің №375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен регламенттелген.

КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы (СБК) клиникалық хаттамаларды жетілдіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Клиникалық хаттамалар негізінде ҚР ДСМ формулярлық комиссиясы дәрі-дәрмектерді бұйрықтарға және сатып алуға арналған Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізеді. Хаттаманы әзірлеушілер болыпҚР жетекші инфекционистері, пульмонологтар және басқа да клиникалық мамандар болып табылады.

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще