Жаңалықтар
19.08.2023

ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТҮРКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОНГРЕСІНДЕ

16 тамызда Өзбекстанның тарихи қаласы – Самарқандта 9-шы Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресі басталды, онда Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі өтеді.

Құрметті қатысушылар тізіміне дипломатиялық корпустың өкілдері, жетекші жоғары медициналық оқу орындарының ректорлары мен профессорлары, беделді медициналық клиникалардың, ғылыми-зерттеу институттарының, мамандандырылған медициналық орталықтардың, ірі фармацевтикалық және медициналық компаниялардың басшылары және әлемнің әртүрлі елдерінен келген ғалымдар кірді.

Қатысушы елдердің қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Сәрсенбаева және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов бар.

Конгресстің мақсаты – түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер халқының әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету, түркі халықтары медицинасының бірегей мұрасын, бай тәжірибесі мен тарихи дәстүрлерін зерделеу, ұйымға мүше барлық мемлекеттердің мүддесі үшін берік тұғырнама құру, сондай-ақ қазіргі заманғы инновациялық медицинаның жетістіктерін қолдану және дәріптеу.

Ауқымды іс-шара барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты, бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелерді және қатысушы елдердің медицина ғылымдарын дамыту саласындағы қолда бар әлеуетін ұлғайтуды талқылады.

Ашылу салтанатында бауырлас мемлекеттердің өкілдері бірлескен қызметтің бірінші кезеңі түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Бірыңғай медициналық ғылыми кеңістігін құру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, медициналық білім берудің бірыңғай стандарттарын айқындау, үздіксіз медициналық білім беруді қамтамасыз ету деп санауға болатындығын атап өтті.

   

 

Атап айтқанда, пандемия әр ел үшін стратегиялық міндет фармацевтикалық өнімдер мен медициналық жабдықтарға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыру екенін айқын көрсетті. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды бірлесіп өндіру мүмкіндіктерін қарастыру жоғары бағаланады.

Конгресс барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған Қазақстан делегациясы түркі мемлекеттері ұйымы министрлерінің кеңесіне және «Медицина тарихына, ортақ мұраға құрмет» қорытынды декларациясына қол қоюға, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлерінің екіжақты кездесулеріне белсенді қатысты.

Декларацияны қабылдау елдерге онкологиялық көмекті, фармацияны, медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, денсаулық сақтаудағы цифрландыруды және т.б. қоса алғанда, түркі мемлекеттері халқына медициналық көмекті жетілдіру бойынша сындарлы тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, осы алаңда Өзбекстан-Түркия Денсаулық сақтау форумы өтті, оған қазақстандық делегация да қатысты. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастық, инвесторларды тарту, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Соңғы жылдары түркі елдері арасында фармацевтика өнеркәсібі әлеуетінің тұрақты өсу серпіні байқалады – жаңа фармацевтикалық өндірістер құрылуда. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту белсенді жүргізілуде.

Өз кезегінде, Ерхат Искалиев қатысушыларды Қазақстандағы қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі Бірыңғай дистрибьютордың рөлі туралы хабардар етті. Фармацевтика саласындағы инвестиция мүмкіндіктері, сондай-ақ бірегей дәрі-дәрмектерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты өндіруші компаниялармен ынтымақтастық бастамалары жарияланды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және BigPharma тарту бойынша шаралар айтылды, олар отандық дәрілік заттар өндірісін қолдау және дамыту мәселелерінде белсенді ынтымақтастықты, үздіксіз медициналық білім беру жобаларын іске асыру арқылы сапалы медициналық көмек көрсетуді, ғылыми және зерттеу әлеуетін арттыруды, терапияның инновациялық әдістеріне ертерек қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді.

Медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыруға қолайлы жағдай жасаудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын медициналық техниканы сатып алу және өндіру назардан тыс қалмады.

Қорытындылай келе, Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканы, ақпараттық медициналық жүйелерді орталықтандырылған сатып алу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша елдердің экономикалық ынтымақтастығының үлкен әлеуетін атап өтті және екіжақты өзара іс-қимылды ұлғайту мүмкіндіктері айтылды. Тараптар іс-шараны ұйымдастырғаны және болашақта жемісті ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс білдірді.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе, түркі әлемі мемлекеттерінің өзара тиімді әріптестігін нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымдарының мемлекеттерінде Қазақстандық медицина күндерін өткізуге қатысты Қазақстанның бастамашыл ұсынысы қолдау тапты.

Жалпы, қазақстандық тарап бауырлас мемлекеттердің қатысуымен бірегей диалог алаңын құрғаны үшін алғыс білдірді, ол түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің фармацевтика саласы алдында тұрған түрлі міндеттердің шешімдерін іздеудің қуатты құралына айналды. Сонымен қатар, медициналық конгресс шетелдік инвестицияларды тартуға, фармацевтикалық өндірісті дамытуда озық тәжірибелерді енгізуге және көрші елдердің тәжірибесін қабылдауға серпін береді.

 Анықтамалық:

Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы – 2009 жылы құрылған және түркі халықтары арасындағы жан-жақты ынтымақтастық мақсатында қазіргі мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым.

Нахичеван келісімінің кіріспесі мүше мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген мақсаттар мен қағидаттарды ұстануға деген ерік-жігерін растайды және Түркі кеңесінің басты мақсатын Түркітілдес мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ өңірде және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бірлескен үлес қосу ретінде айқындайды

Бүгінгі таңда ТМҰ мүшелері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, ал бақылаушылар қатарында Венгрия, Түрікменстан және Солтүстік Кипр бар. Мүше мемлекеттер демократиялық құндылықтарға, адам құқықтарына, құқықтың үстемдігіне және жақсы басқару принциптеріне адалдықтарын растады.

 

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще