Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.
Жобада дәрілік қамтамасыз ету тізбесіне бірқатар дәрі-дәрмекті қосу ұсынылады. Жоба мақұлданған жағдайда пациенттер келесі дәрі-дәрмектерді тегін ала алады:
Дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту тиісті емдеуге мұқтаж азаматтар үшін өмірлік маңызды дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін өте маңызды.
Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, жария талқылау 2025 жылғы 1 наурызға дейін жалғасады.
Құжатпен танысып, ұсыныстарды келесі сілтеме бойынша қалдыруға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15459858
Министрлік қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.