ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №111 бұйрығымен ҚР ДСМ 2023 жылғы 11 шілдедегі №127 бұйрығымен бұрын қабылданған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Негізгі жаңа тәртіпке мыналар жатады:
1. Қызметтерді бағыттар бойынша бөлу.
Енді қызметтер:
- дәрілік заттарды сақтау;
- медициналық бұйымдарды сақтау;
- дәрілік заттарды тасымалдау;
- медициналық бұйымдарды тасымалдау үшін бөлек-бөлек сатып алынады.
2. Қызметтер аймақтар бойынша бөлінеді.
Қызметтер:
- операциялық қоймалар мен тарату орталықтарын;
- қоймалар, тарату орталықтары мен алушылар арасында жеткізуді қамтиды.
3. Құнды қалыптастырудың жаңа тәсілі.
Қызметтердің алдын ала құны:
- қажеттілік көлемін;
- баға ұсынысының ең төменгі мәнін ескере отырып есептеледі.
Бұрын баға ұсынысының орташа мәні қолданылған.
4. Медициналық бұйымдар үшін GDP сертификатын берудің міндетті талабын алып тастау.
Өзгерістердің мақсаты – отандық фармацевтикалық логистиканы қолдау және осы саладағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2024 жылдың 27 желтоқсанында өтті.
Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме бойынша өтіп танысуға болады: