Астанада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында дәрігерлерді клиникалық оқытуға арналған Қазақстандағы алғашқы GE HealthCare Academy Оқу орталығының ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация және Ресей мен ТМД-дағы GE HealthCareкомпаниясының басшылығы Президент және бас атқарушы директор Елена Легезина қатысты. Кездесуге Орталық Азия аймағындағы GE HealthCare Бизнесті дамыту жөніндегі Директоры – Бас директордың орынбасары Дмитрий Занчев қатысты.
Қазақстан тарапынан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Бейбіт Есенбаев пен Вячеслав Дудник, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы Нұрлан Ысқақов, ҚР ДСМ ДСД директорының м.а. Руслан Адылқанов, ҚР ДСМ МФБК Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасының бас сарапшысы Қанатбек Беріков, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жобалар жөніндегі басшысы Динара Исабекова, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев қатысты.
Елбасы халыққа Жолдау барысында елдің берік өнеркәсіптік құрылымын қалыптастыру, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету және экономиканы әртараптандыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Оқу орталығының салтанатты ашылуында Ажар Ғиният GE HealthCare компаниясына ынтымақтастық пен қызығушылық танытқаны үшін, компанияның жобаларын еліміздің аумағында енгізу мүмкіндігі тұрғысынан алғысын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.
GE Healthcare – денсаулық сақтау саласына арналған жабдықтар мен цифрлық шешімдердің әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі, оның өнім желісі медициналық техниканың кең спектрін қамтиды.
Астанада «GE HealthCare Academy» Оқу орталығының ашылуы Мемлекет Басшысының Нью-Йоркке ресми сапары барысында қол қойылған ҚР Үкіметімен базалық қағидаттар туралы Шекті келісім шеңберінде жүзеге асты.
GE Healthcare Academy Оқу орталығының ашылуы, оның ішінде Бірыңғай дистрибьютордың GE Healthcare жетекші американдық вендорымен онлайн және офлайн форматтағы бірқатар келіссөздер мен кездесулер арқылы тығыз қарым-қатынасының арқасында нақты болды.
GE HealthCare медициналық техниканың жетекші өндірушілерінің бірі ретінде жоғары технологиялық медициналық жабдықты тиімді пайдалану үшін ҚР Денсаулық сақтау жүйесі кадрларының біліктілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтерді ұйымдастыруға белсенді қатысады.
Оқу орталығының мақсаты – Қазақстанның диагностика дәрігерлерінің (ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің) біліктілігін жоғарылату. Ол бейінді мамандар мен сарапшыларға медициналық жабдықта жұмыс істеу дағдыларын игеруге, күнделікті тәжірибеде заманауи клиникалық мүмкіндіктерді пайдалануға және жабдықты пайдалану мерзімі ішінде медициналық персоналдың жұмыс істеу дағдыларының жоғары деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесетін болады.
GE HealthCare Academy тренинг-орталықтарындағы оқыту бағдарламасы медициналық бейнелеудің ең өзекті мәселелерін қамтиды. Курстар жас мамандарға да, тәжірибесі бар дәрігерлерге де бағытталған.
Жылына 10-ға дейін оқыту семинарларын өткізу, университеттің жоғары білікті қызметкерлері мен GE Healthcare сарапшыларының сабақтарын өткізу, сондай-ақ дәріс материалдарын заманауи ультрадыбыстық аппаратта практикалық сабақтармен нығайту және түрлі вебинарларға қосылу мүмкіндігі күтілуде.
«Мұндай жобаның негізгі әсерлері GE Healthcare өндірісінің кез келген жабдық моделінде дәрігерлердің біліктілігі мен жұмыс дағдыларын арттыру болады, бұл пациенттердің қауіпсіздігін, нәтижелердің тиісті сапасын және зерттеуді жүргізудің оңтайлы уақытын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев.
Анықтама:
GE HealthCare озық медициналық жабдықтарды, диагностикалық фармацевтикалық препараттарды, сондай-ақ интеграцияланған цифрлық шешімдерді, қызметтерді және деректерді талдау жүйелерін әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі болып табылады. 100 жылдан астам уақыт бойы компанияның технологиялары дәрігерлер мен медициналық мекемелердің тиімділігін арттыруға, нақты диагноздар қоюға, оңтайлы емдеу әдістерін таңдауға және соның салдарынан пациенттердің денсаулығын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
GE HealthCare денсаулық сақтау жүйелеріне интеграцияланған технологияларға негізделген жеке медициналық көмекті дамытуға көмектеседі, бұл оны пациенттерге қолжетімді етеді. Компанияның медициналық бейнелеу, ультрадыбыстық диагностика, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, сондай-ақ фармацевтикалық шешімдер пациенттерге профилактика мен скринингтен бастап диагностикаға, емдеуге және бақылауға дейінгі көмек көрсетудің тиімділігін арттырады.