Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
19.04.2024

ҚАЗАҚСТАНДА ГЕМОФИЛИЯНЫ ТЕГІН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН 18 ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Бүгін – дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік гемофилия федерациясының бастамасымен қоғамның назарын гемофилия проблемаларына аудару және медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау үшін атап өтіледі. Гемофилия күні алғаш рет 1989 жылы атап өтілді.

Гемофилия – қанның ұю факторларының туа біткен жетіспеушілігінен туындаған ауыр тұқым қуалайтын генетикалық қан ауруы. Сырқат қан ұюының бұзылуымен сипатталады және буындарда, бұлшықеттер мен ішкі органдарда жиі қан кетулерде көрінеді.

Дүниежүзілік гемофилия Федерациясының мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде гемофилияның 815 100 жағдайы тіркелген, олардың тек 347 026-сы диагноз қойылған, ал 276 900-і – гемофилияның ауыр түрлері. 2023 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда осы аурумен ауыратын 1633 адам тұрады, оның 533-і – балалар. Мұндай статистиканы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Қазақстанның гемофилиямен ауыратындар қауымдастығы ұсынды.

Біздің елімізде балалар мен ересектер емдеу хаттамаларына сәйкес емделеді және мемлекет есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте барлық мұқтаж болғандарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін толық қамту үшін қаржыландырудың жыл сайынғы ұлғаюы байқалады.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі – халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде олардың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Қан ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығын емдеу үшін Бірыңғай дистрибьютор тізбесінде дәрілік заттардың 18 атауы көзделген.

2024 жылға еліміздің медициналық ұйымдары жалпы сомасы 15,2 млрд теңгеге 17 дәрі-дәрмек атауын сатып алу қажеттілігін мәлімдеді.

Біздің елімізде жыл сайын гемофилияның алдын алу, диагностикалау және емдеуді жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Ашық дереккөздерге сәйкес, медицина ғылымының, фармацевтика өнеркәсібінің дамуы және мемлекет проблемасына назар аударудың арқасында Қазақстандағы мамандар гемофилиямен ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштерінің оң динамикасын және олардың өмір сүру сапасының артуын атап өтеді.

Посмотреть еще