Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
17.11.2023

ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ӨНДІРІСІ ПАЙДА БОЛАДЫ

     17 қарашада швейцариялық F. Hoffmann-La Roche Ltd компаниясы, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы, «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-ы (Нобель АФФ) және Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОРҒЗИ) арасында 2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche компаниясы арасында қол қойылған Жергіліктендіру туралы келісім негізінде бірегей патенттелген дәрілік заттарды жеткізудіңтарихи ұзақ мерзімді шартына қол қойылды.

     Ұзақ мерзімді шартқа ресми қол қою рәсімі – ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың төрағалығымен өткен еліміздегі басты инвестициялық оқиға Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел аясында өтті.

Ұзақ мерзімді шартқа қол қою Roche компаниясы әзірлеген онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обырын емдеуге арналған үш биотехнологиялық дәрі-дәрмектің жергілікті өндірісіне жол ашады.

     Онкологиялық аурулар Қазақстанда өлімнің негізгі себебі болып табылады. Соңғы 20 жылда елімізде онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық 25%-ға өсті. Қазіргі уақытта онкологиялық ауруларға байланысты 205 000-нан астам қазақстандық динамикалық бақылауда. Жыл сайын 37000-нан астам жаңа жағдай анықталады, айта кететіні, әйелдердің сырқаттануы ерлерге қарағанда біршама жоғары (сәйкесінше 57% және 43%). Себебі сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында жетекші онкологиялық ауру болып табылады.

     2021-2022 жылдары Президенттің Қазақстандық пациенттерде HER-2 оң сүт безі обырын емдеу үшін маңызды шаралар қабылдау туралы тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Негіздемелік келісім, содан кейін инновациялық дәрілік заттарды әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы Roche компаниясымен Жергіліктендіру туралы келісім жасасты. Roche Қазақстан Республикасында жергілікті өндірісті құру туралы келіссөздерге бастамашы болған алғашқы трансұлттық фармацевтикалық компания болды.

     Жергіліктендіру туралы келісім шеңберінде Roche келісімшарттық өндіріс негізінде үш биотехнологиялық дәрі-дәрмекті жергілікті өндіру үшін озық технологиялар мен ноу-хаудың берілуін және ұзақ мерзімді шарт негізінде жергілікті серіктес тарапынан патенттелген бірегей дәрілік заттарды кейіннен жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенді. Бұл маңызды қадам Қазақстандағы сүт безі обыры бар барлық пациенттер үшін жоғары сапалы дәрілік заттардың бағасын төмендетуге және қолжетімділігін арттыруға көмектеседі.

     Бірыңғай дистрибьютор мен Нобель АФФ Қазақстанда өндірістік және дистрибьюторлық функцияларды қамтамасыз ете отырып, осы тарихи бастамадағы негізгі әріптестердің рөлін өзіне алады. Өнім республика аумағында жергіліктендірілетін болады және оны Бірыңғай дистрибьютор ТМККК және МӘМС шеңберінде елдің медициналық ұйымдарына жеткізетін болады.

     ҚазОРҒЗИ мен Roche компаниясының ынтымақтастығы онкологиялық науқастар үшін ісікке қарсы инновациялық дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      «Сүт безі обыры бар пациенттерде ісікке қарсы дәрі-дәрмектерді жергіліктендірудің арқасында Roche компаниясының дәрілерімен дербестендірілген емдеу қамтамасыз етіледі және HER-2 оң сүт безі обыры бар Қазақстан Республикасының пациенттерін қамтуды қамтамасыз етеді, тиімділігі қазіргі заманғы хаттамаларға сәйкес инновациялық бірегей дәрі-дәрмекмен ем алады. Дәл осындай батыл және өршіл мақсаттар денсаулық сақтауды елдің барлық азаматтарының игілігі үшін дамытуға мүмкіндік береді. Roche фармгигантының ісікке қарсы дәрі-дәрмектерін жергіліктендіру HER2-оң сүт безі обыры бар пациенттердің өсіп келе жатқан санын қамтуға мүмкіндік береді (2024 жылы – 1242 пациент, 2025 жылы – 1295, 2026 жылы – 1335 пациент)», – деп атап өтті ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, «ҚазОРҒЗИ» АҚ-ы Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова.

     Орташа алғанда, Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға дейін сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастар анықталып, 1200-ге дейін әйел қайтыс болады. Бұл жағдай 2004 жылдан бері тұрақты, сонымен қатар сүт безі қатерлі ісігі әйелдер онкопатологиясының құрылымында бірінші орында.

     Шамамен 18-20% жағдайда сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда ісік жасушаларында HER2 мөлшері жоғарылайды, бұл, өз кезегінде, агрессивті ағымға және аурудың тез өршуіне, гормоналды және цитостатикалық емдеуге нашар жауапқа әкелуі мүмкін.

     Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан мен Швейцария арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді позицияны ұстанады, әріптестік жолдарын қарау бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге бастамашылық жасайды. Бүгінгі Ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу барлық алдыңғы келісімдердің және жетекші фармацевтикалық компаниялардың бірі – Roche компаниясымен тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болды.

      «Жасалған Ұзақ мерзімді шартқа сүт безі обырынан зардап шегетін пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту және Қазақстанда ғылыми-медициналық зерттеулерге жәрдемдесу мақсатында қол қойылды. Біз Бірыңғай дистрибьютор ретінде ұзақ мерзімді шарт аясында өз қызметімізді орындауға толық дайын екенімізді білдіреміз және саланы серпінді дамыту, оның ішінде BigPharma-ны отандық фармация нарығына тарту бойынша жан-жақты жұмысты жалғастырамыз», - деді Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев.

     Мемлекет басшысы отандық ғылым ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде алдыңғы қатардағы топ болуға тиіс екенін атап өтті. Мұндай ынтымақтастықтың негізгі әсері Қазақстандағы ғылыми және медициналық зерттеулерге жәрдемдесу болады.

     Әлемдік фармгигант Roche-пен ынтымақтастық – Қазақстанға жаңа технологияларды ғана емес, өзінің денсаулық философиясын да әкеледі. Денсаулық философиясы – денсаулықты түсіну мен оған жетудің кешенді тәсілі. Бүгін біз медициналық көмек көрсету тәжірибесін, денсаулық сақтау жүйесін және жалпы әлемді өзгертетін технологиялардың өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда компания өндірісті жергіліктендіруден басқа, ынтымақтастықты жалғастыруға және елде бірқатар бірлескен жобаларды жүргізуге ниетті.

     Мысалы, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche арасында қол қойылған Жергіліктендіру жөніндегі келісім аясында зертханалық диагностика бойынша инновациялық тренинг орталығы құрылды. Компания осы тренинг орталығын реагенттермен тегін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оқу орталығындағы оқу-инновациялық бағдарлама Қазақстанның түкпір-түкпірінен мамандардың біліктілігін кешенді арттыруға және оқытуға бағытталған.

     Сондай-ақ, Roche фармгиганты зерттеу жобаларын жүргізу үшін диагностиканың жаңа әдістерін енгізуге жәрдемдеседі. Бұл Қазақстанның зертханалық инфрақұрылымын нығайтуға және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютор бастамашылық еткен елдегі медициналық-фармацевтикалық кластерлердің дамуына серпін береді.

     Сонымен қатар, Roche ҚазОРҒЗИ-мен бірлесіп скринингтер жүргізеді, бұл онкологиялық сырқаттарды ерте диагностикалауды анықтауға мүмкіндік береді.

     Ғылым, білім және қолданыстағы фармацевтика арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру және сақтау отандық ғылымның дамуына серпін беріп, Қазақстанның ғылыми мұрасын нығайтады. Жаңа сын-қатерлер нақты және іргелі өзгерістер мүмкіндігі ретінде қарастырылуы керек.

     Бүгінгі ұзақ мерзімді шартқа қол қою Қазақстанда медицинаны дамытудағы және онкологиялық аурулармен күрестегі маңызды қадамды белгілейді, Қазақстандағы онкология саласындағы пациенттер мен мамандар үшін жаңа перспективаларды ашады, медицина саласындағы жаңалықтар мен инновацияларға шақырады, бұл жалпы онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасына оң әсер етпек.

     Мұндай жаһандық және тарихи қадам фармацевтика өнеркәсібін дамыту және инновациялық технологиялар трансфері саласындағы озық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ Қазақстанда саланы одан әрі перспективалы дамытуға серпін беретіні сөзсіз. Бұл оқиға барлық тараптардың денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын растайды және аймақтағы қатерлі ісікке қарсы күреске айтарлықтай үлес қосады.

Анықтамалық:

F. Hoffmann-La Roche Ltd – швейцариялық фармацевтикалық компания, фармацевтика және диагностика саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Онкология, орфандық аурулар, неврология, Офтальмология, вирусология, ревматология және трансплантология саласындағы биотехнологиялық дәрілік препараттардың жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. 1896 жылы Базельде құрылған. Әлемнің 150 елінде өкілдіктері бар және 90 мыңға жуық қызметкері бар.

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика» - ТМД-дағы қызметін кеңейте отырып, Қазақстандағы дәрілік заттардың отандық өндірушісі. Бүгінгі таңда Нобель АФФ фармацевтикалық нарықта әртүрлі дәрілік формалар мен дозаларда 228 дәрілік препарат түрінде ұсынылған 104 молекула шығарады. Тіркеу куәлігін ұстаушы ретінде Нобель АФФ АҚ-ы өнімдерінің тізімінде импорттық өндірістің 62 өнімі, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бар.

Казахстанский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии – Алматыдағы ғылыми-эксперименттік және ұйымдастыру-әдістемелік орталық. Қазақстан Республикасы тұрғындарына онкологиялық және радиологиялық қызмет көрсетеді. 1960 жылы Алматыда құрылған. 9 ғылыми-хирургиялық бөлімшеден, 3 радиологиялық, 7 диагностикалық және 3 эксперименттік бөлімшеден тұрады. 430 төсектік клиника жұмыс істейді. 1960 жылдан бастап аспирантура бар.

ТОО «СК-Фармация» – Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтика саласының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтика өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылған.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
Посмотреть еще