Жаңалықтар
13.11.2024

ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯРДЫ ЖАҢАРТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға (ҚҰФ) өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады. Құжатты талқылау «Ашық НҚА» порталында ашық және 2024 жылғы 22 қарашаға дейін жалғасады.

ҚҰФ орфан препараттарын қоса алғанда, клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың тізбесі болып табылады. Бұл тізім медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алынатын препараттар тізбесін қалыптастыру үшін негіз болады.

ҚҰФ жаңарту туралы бұйрықтың жобасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының шешімдері мен Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының қорытындылары негізінде кәсіби сараптама нәтижелері бойынша дайындалды. Өз кезегінде, сараптама дәрілік заттың клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректерді, расталған клиникалық зерттеулерді, сондай-ақ мета-талдаулар мен жүйелі шолуларды бағалауды қамтиды.

Жобада төменде аталғандарды енгізу ұсынылады:

- 20 сауда атауын білдіретін 13 жаңа ХПА позициясы және 7 жаңа сауда атауы;

- бір жаңа дәрілік форма (ХПА – Вигабатрин, дәрілік формасы – ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ); 

- дәрілік заттардың 307 жаңа сауда атауы.

Сондай-ақ ҚҰФ-тан шығарылады:

- Дәрілік заттың тиімділігінің жеткіліксіздігі туралы ғылыми негізделген ұсынымдардың пайда болуына байланысты дәрілік заттың сауда атауларының 3 позициясы бар 1 ХПА (ХПА – Таурин) ;

- бір сауда атауы (ХПА – Вигабатрин, СА – Сабрил);

- үш жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасында тіркеу мерзімінің аяқталуына байланысты дәрілік заттардың 680 сауда атауы;

- ҚР дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне АТХ және ХПА сәйкес келмеуіне, сондай-ақ ҚҰФ қалыптастыру қағидаларының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне байланысты сауда атауларының 4 позициясы;

- Тіркеу куәліктерінің қайталануына байланысты дәрілік заттардың 21 позициясы.

Бұдан басқа, бұйрық жобасы ҚР дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес АТХ, ХПА кодтары, сауда атаулары мен дәрілік нысандар бөлігінде деректерді өзектендіру бойынша ҚҰФ-қа өзгерістерді көздейді.

Жобаның барлық құжаттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15282370

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще