4-6 қазан аралығында Қазақстанда көлік апталығының күндері өтуде. Оның аясында Астанада сәрсенбіде «Көлік және логистика» XXVI Халықаралық көрмесі өз жұмысын бастап, «New Silk Way» VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы өтті.
Ауқымды іс-шараға қатысу үшін 25 елден 1000-нан астам делегат, бизнес өкілдері, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары келді.
Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік салалық министрліктердің басшылары, жетекші компаниялар мен бейінді ұйымдардың өкілдері, көлік және тасымалдау саласындағы сарапшылар, оның ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП Көлік логистикасы жөніндегі кіші комитетінің төрағасы, KAZLOGISTICS Қазақстан Көлік құралдары Одағы Төралқасының мүшесі, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторының Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев қатысты.
Іс-шаралардың ресми ашылу рәсімдеріне ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев қатысып, Қазақстанның географиялық жағдайы мен қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өңірлік логистиканың жаңа трендтері еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға белсенді ықпал ететінін атап өтті.
Мақсаты – бизнес-құрылымдар келіссөздері үшін алаң құру, теңізге шыға алмайтын Еуразиялық континент елдерінің транзитін дамыту бойынша үйлестірілген ынтымақтастық, Еуразиялық трансконтиненталдық транзиттік дәліздің мүмкіндігін қарау.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстан Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі өз ұстанымын күшейтіп, уақыт өте толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екенін атап өтті.
Қазақстан Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі өз позициясын күшейтіп, уақыт өте толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс. Саланы дамыту үшін сәйкес тарифтік және реттеуші саясат, жеке инвестицияларды белсенді тарту қажет болады.
Бизнес-форумның нәтижесі – ұзақ мерзімді әріптестік орнату, көліктік-логистикалық бизнес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанның көлік инфрақұрылымына жаңа инвестициялар тарту, Қазақстанның Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік маршруттарындағы көлік хабы және транзиттік жол ретіндегі тартымдылығын арттыру.
Іскерлік бағдарламадан басқа, салалық министрліктер, ведомстволар, қауымдастықтар және халықаралық компаниялар басшылығының қатысуымен екіжақты B2B және B2G кездесулері мен келіссөздері өткізілді. Форумның нәтижесі сондай-ақ Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін халықаралық меморандумдар мен келісімдерге қол қою болды.
«Көлік және логистика» XXVI Халықаралық көрмесіне келетін болсақ, ол Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі болып саналады. Биыл 17 елден 226 компания өз стендтерін ұсынды. Айта кетейік, отандық компаниялардың үлесі шамамен 40%-ды құрайды.
Отандық жүйе құраушы компаниялардың ұжымдық стенді экспозиция центрі – Қазақстан темір жолы, Қазтеміртранс, ҚТЖ-Жүк тасымалы, KTZE Khorgos Gateway, Кедентранссервис, Құрық порты, KTZ Express, Ақтау теңіз солтүстік терминалы, Ақтау теңіз сауда порты болды.
Айта кетейік, Қазақстандық көлік апталығы аясында мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Мысалы, бүгін, 6 қазанда Астанада бейінді министрліктің басшылығымен, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың, шетелдік компаниялардың өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған «Көлік және логистика нарығы» конференциясы өтуде.
Конференция бағдарламасы бірқатар стратегиялық сессиялардан тұрады. Біріншісі – «Контейнерлік тасымалдау жүйесінің жаһандық дамуы. Қазақстан контейнерлік тасымалдардың белсенді қатысушысы ретінде», сессия модераторы – Ерхат Искалиев.
Бұл сессияда қатысушылар мемлекет пен бизнес-қоғамдастық арасында дұрыс диалог құру, қазіргі заманғы логистикадағы контейнерлеу нарығын өзекті бағыт ретінде дамыту, контейнерлердің жергілікті өндірісіне жәрдемдесу арқылы контейнерлеу бағдарламасын жеделдету, технологиялық схемалар мен сервис деңгейінің қызметтер құнының деңгейімен арақатынасы және контейнерлеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық сияқты мәселелерді қарастырды.
Талқылау барысында қатысушылар контейнерлеуді дамытудың өзекті қажеттілігін атап өтті. Бұл Қазақстанға транзиттік және экспорттық тасымалдардың көлемін 4,1 млн TEU-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтудың үлкен әлеуеті бар.
Басым артықшылығы – теңіз тасымалына қатысты тасымалдау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін тиімді географиялық жағдай. Қазақстан Контейнерлеу бағдарламасын әзірлеу кезінде нарықтың мүмкін сыйымдылығын, даму сценарийлерін, ҚТЖ мен мемлекеттің рөлін анықтау өте маңызды.
Республика Орталық Азия мен Каспий өңірінде толыққанды көлік хабына айналуға ниетті. Саланы дамыту және транзиттік ағындарды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
Бүгінде елімізде бірқатар стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда, әкімшілік кедергілерді қысқарту, икемді тарифтік саясатты жүргізу бойынша шаралар қабылдануда. Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылады, транзиттік жүктердің қозғалыс жылдамдығын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
Келесі сессия – «Авиациялық жүк тасымалындағы транзитті дамыту. Авиакөлікпен жобалық тасымалдаулар». Оның барысында сарапшылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі дамудың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізді, авиакөлікпен жүк ағынын ұлғайту мүмкіндіктерін, Қазақстан авиакомпанияларының бәсекеге қабілеттілігін және авиалогистика компанияларының халықаралық ынтымақтастығын қарастырды.
Авиатасымалдар бойынша сессия барысында спикер ретінде «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасының кеңесшісі Ержан Оспанов сөз сөйлеп, конференция қатысушыларына Қазақстандағы сауда-логистикалық хаб тұжырымдамасы туралы айтып берді. Баяндама барысында логистикалық фармкластерді қалыптастыру мысалдары келтіріліп, олардың сауда-көлік хабының құрылымындағы рөліне, сондай-ақ инвестициялар тартудың және жаһандық ойыншылармен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Қалған сессиялардың тақырыптары «Көлік инфрақұрылымын дамыту» және «Контейнерлік тасымалдаудың озық технологиялары мен трендтері» болды. Сонымен қатар, заманауи логистикадағы инновациялық тәсілдер бойынша дөңгелек үстел өтті.
Көлік саласы елдің дамуында ерекше рөл атқарады және бүкіл экономикалық жүйенің толыққанды жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Көрме, бизнес-форум, конференция түрінде өткен халықаралық іс-шаралар мемлекеттік және бизнес құрылымдар арасындағы диалог үшін тиімді алаң болып табылады, онда қазіргі таңдағы мәселелер талқыланады және оларды шешу бойынша практикалық шаралар әзірленеді.
Қазақстандық көлік апталығы аясында өткен барлық іс-шаралар Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін одан әрі ілгерілетуге өз үлесін қосады және жақын-алыс шет елдердің кәсіпорындары мен компаниялары арасындағы жемісті ынтымақтастыққа жәрдемдесетіні сөзсіз. Табысқа тек көлік нарығының барлық қатысушыларының ресурстары мен мүмкіндіктерін біріктіру арқылы қол жеткізуге болады.
Қатысушылар белгіленген мақсаттарға қол жеткізуде табыс тіледі және ұйымдастырушыларға көлік нарығында көрсетілетін қызметтердің тиімділігін, қауіпсіздігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң құрғаны үшін алғыстарын білдірді. Ал бұл, өз кезегінде, Қазақстанның және көрменің барлық қатысушыларының көлік әлеуетін дамытуға ықпал етеді, әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға жаңа серпін береді.
Анықтамалық:
TransLogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі – отандық және шетелдік көліктік-логистикалық компаниялар, теңіз порттары, темір жолдар әкімшіліктері және Қазақстан мен шетелдің арнайы экономикалық аймақтары, автотехника өндірушілері мен дилерлері, вагон жасау және жөндеу зауыттары, жабдықтарды жеткізушілер, қойма терминалдары, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, IT-шешімдерді ұсынатын ғылыми және технологиялық компаниялар үшін бірегей алаң ретінде қызмет етеді Орталық Азия аймағында бизнесті бастау немесе кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер беретін көлік саласы, жаңа өнімдер мен қызметтерді іске қосу.