Жаңалықтар
20.02.2023

ҚАЗАҚСТАНҒА НЕМІС МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТРАНСФЕРІ

20 ақпанда «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының  алаңында SPECTARIS оптикалық, медициналық және мехатроникалық технологиялар неміс өнеркәсіптік ассоциациясының өкілдері ГФР Елшілігі істерінің тексерілген тұрақты өкілі Холгар Коллеймен, сыртқы сауда және экспортты ілгерлету бөлімінің басшысы Дженифер Голденштедемен және сыртқы сауда және экспортты ілгерлету бойынша бас консультант Анна-Катрин Шмальцпен онлайн-кездесу өтті.

SPECTARIS медициналық техника, тұтынушылық оптика, талдау, биологиялық және зертханалық техника, сондай-ақ фотоника саласындағы өкілетті орган бола отырып, Германияның 400 жуық мүше-компанияларының мүдделерін біріктіреді.  

Германияда базалық негізгі технологияларды одан әрі дамыту және өндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін SPECTARIS өсу мен инновацияға ықпал ететін негіздемелік жағдай құруды қолдайды.

Осылайша, қазақстандық нарықтың мүмкіндіктерін бағалауға және жергілікті өндірушілерді қолдау саласында әлеуетті серіктестікті зерттеуге қызығушылығын, сонымен қатар, елдің фармацевтикалық  секторын дамыту және бейінді мамандар қызметіне қолжетімділікті көтеру үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындығын білдірді.

SPECTARIS назарына Бірыңғай дистрибьютордың қызметі туралы толық презентациялар ұсынылды, оның барысында бірыңғай дистрибуция жүйесі, жабдықтаудың 5 жылдық бағдарламасы шеңберінде медтехниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу және өндірісті локализациялау мәселелері қаралды.

Медицина саласындағы технологиялар мен инновациялардың дамуына қатысты тәжірибе және ой алмасу болды. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді шарттар, оффтейк-келісімшарттар, өмірлік цикл келісімшарттары, келісімшарттық өндіріс тетіктерін қолдану, ел аумағында клиникалық зерттеулер жүргізу, BigPharma ынтымақтастық және жақын шет елдерге өнімдерді экспорттау мәселелері талқыланды.

Investment Guide Book – әлеуетті инвесторларға арналған, ағылшын тіліне аударылған арнайы жолсілтеме де назарсыз қалған жоқ. Ол бар инвестициялық преференциялар және рәсімдердің ашықтығы мен мөлдірлігі туралы отандық және шетелдік инвесторларға ақпарат беру мақсатында жасалған.

Жолсілтеменің басты міндеті инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсету,  қалыптасқан мәселелерді уақтылы шешу, бір терезе қағидасы бойынша инвесторлардың мемлекетпен байланысы үшін бірыңғай нүкте қалыптастыру.

Мемлекет Басшысы ғаламдық фармкорпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технология трансфері және жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын бірнеше рет атап өткенің естеріңізге саламыз. 

Қазақстан үшін заманауи технологиялардың трансфері, өзінің жеке жергіліктендірілген алаңдарын енгізу және олардың болуы өте маңызды. Медициналық жабдықтардың жолға қойылған отандық өндірісі елдің медициналық ұйымдарында пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге айтарлықтай ықпал етуге мүмкіндік береді.

Әлемдік еуропалық алпауыттардың өндірісін локализациялау елдің медициналық-фармацевтикалық өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және әлеуетін дамытуға импульс беретін, Қазақстанның экономика саласының индустриалды-инновациялық стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор әлемдік фарминдустрияның ірі ойыншыларымен кездесулер жүргізеді. Кездесулер барысында қазақстандық фармацевтика нарығында олардың қатысуының перспективті жоспары және салаға инвестиция құю мәселелері талқыланады.

Кездесу соңында, өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлесе күш салу атап өтілді. Болашақта ынтымақтастық мәселелері және жергілікті кездесулерді іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын қалыптастыру үшін Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығының қатысуымен өткізу жоспарлануда.

Анықтама:

SPECTARISбұл орта бизнестің жоғарытехнологиялық секторына арналған неміс салалық ассоциациясы және  медициналық техника, тұтынушылық оптика, талдау, биологиялық және зертханалық техника, сондай-ақ фотоника саласындағы өкілетті орган.

SPECTARIS төрт түрлі салалық бөлімшелерге біріктірілген, Германияның 400 жуық мүше компанияларының мүддесін біріктіреді. Өзінің саяси қызметінің, жұртшылықпен байланысының және салалық маркетингісінің арқасында ассоциация өзінің мүшелеріне дауыс беру құқығын береді, жаңа міндеттер қалыптастырады, жаңа нарықтар ашады. Бұл осы секторларда неміс өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, орындарын және  жұмыс орындарын сақтайды.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще