«Ашық НҚА» порталында ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-320/2020 бұйрығымен бекітілген Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жаңа жобасы жарияланды.
Министрлік бұл құжатты халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірледі.
Жоба медициналық бұйымның ғана емес, сонымен қатар медициналық техниканың жиынтығына кіретін бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жасауды көздейді.
Бүгінгі күні мониторинг бағдарламалық қамтамасыз етуді есепке алмай медициналық бұйымды қолдануға байланысты қолайсыз оқиғаларды анықтауға және болдырмауға бағытталған.
Медициналық бұйымдарда заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану үрдістеріне байланысты жаңа өзгерістер енгізілуде.
Жобаның қоғамдық талқылануы 2024 жылдың 29 қарашасына дейін жалғасады.
Жобамен көрсетіген сілтеме бойынша танысуға болады: