Жаңалықтар
01.02.2023

ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ПАЦИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНУ: ОЛИМП КДЗ ЖӘНЕ СҚ-ФАРМАЦИЯ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор алаңында «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертхана өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар клиникалық-диагностикалық зертхана саласындағы медициналық техникамен жарақтандырудың сервистік моделінің бизнес-процестерін талқылады.

Бүгінгі күні Олимп Қазақстандағы зертханалық диагностика саласындағы жетекші жүйе болып табылады. 500-ден астам емдеу кабинеттері мен 18 зертханасы бар ең ірі желі ретінде компания медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл жасау, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын қоса алғанда, медициналық жабдықтар паркіне сервистік қызмет көрсету, логистика, сапаны бақылауды қамтамасыз ету, салқындату тізбекті сақтау, сондай-ақ зертханалық қызметтер көрсетуді, оның ішінде мемлекеттік сектор үшін де орталықтандыру тәжірибесімен бөлісті. Компанияның екі елордалық медициналық ұйыммен серіктестігі бар, онда клиникалық-диагностикалық зертханалар ойдағыдай жұмыс істейді.

СҚ-Фармация жетекші тәжірибелерді, соның ішінде зертханалық диагностика саласында да зерттейді. Ақпарат алмасу медициналық жабдықтармен жарақтандыру шеңберінде барлық өзекті мәселелер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде бірыңғай дистрибуция қызметіне енгізілетін және ескерілетін үздік тетіктер анықталады.

Президенттің СҚ-Фармация базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, сапалы медициналық көмек көрсетуде қойылған техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызы зор.

СҚ-Фармация, өз кезегінде, бюджеттік шығыстарды қысқартуға және техниканың істен шығуы себебінен оның тоқтап қалу мерзімін барынша азайтуға, сондай-ақ медициналық жабдықты сервистік қолдауды жетілдіруге бағытталған медициналық техникамен жарақтандырудың сервистік моделі бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Медициналық техникамен жабдықтаудың сервистік моделі бірінші кезекте халыққа сапалы қызмет көрсетуге және денсаулық сақтаудағы пациентке бағдарланған тәсілге бағытталған.

Кездесу соңында тараптар әріптестік туралы уағдаласты және медициналық жабдықтарды жарақтандыру және оларға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту шеңберінде ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Екі компанияның өкілдері мемлекет пен бизнес алға қойылған міндеттер бойынша бірлесіп жұмыс істеп, қатар дамуы тиіс екенін атап өтті. Өйткені, түпкі мақсат – еліміздің денсаулық сақтау секторын дамыту және Қазақстандағы пациенттерге қызмет көрсету сервисін арттыру.

Анықтама:

«ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханаларының тәуелсіз желісі зертханалық диагностика саласындағы қызметтер нарығында 2007 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді. Компанияның миссиясызаманауи және жоғары дәлдіктегі жабдықта сапалы, уақтылы және қолжетімді зертханалық диагностика. «ОЛИМП КДЗ»бүгінгі күні Қазақстан аумағындағы ең ірі жеке зертханалар желісі болып табылады – 500-ден астам емдеу кабинеттері мен 18 зертхана бар.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще