Жаңалықтар
13.12.2022

ӨМІРЛІК ЦИКЛ КЕЛІСІМШАРТТАРЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаттары – пациентке бағдарланған тәсіл. Бүгінгі болмыста пациенттің өмірі мен денсаулығы дәрігердің білімі мен тәжірибесіне ғана емес, сонымен қатар медициналық жабдықты нақты талдау мен зерттеуге де байланысты. Яғни, техниканың сапасы мен дұрыс жұмыс істеуі денсаулық сақтау деңгейіне тікелей әсер етеді. Көптеген елдерде медициналық жабдықтармен жабдықтау саласында инновациялық тәсіл бұрыннан қолданылып келеді.

Жақында экономика саласында жаңа ұғым пайда болды – өмірлік цикл келісімшарттары немесе ӨЦК. Басқаша айтқанда, бұл толық жұмыс кешенін қамтитын мәміле: жобаларды әзірлеу, пайдалану, жөндеу және кәдеге жарату.

Өмірлік цикл келісімшарттары алғаш рет Ұлыбританияда 1992 жылы жасалды, жобалық келісімнің шарттарына сәйкес жеке серіктес теміржол магистралін жобалауды, салуды, қаржыландыруды, пайдалануды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырды.

Соңғы онжылдықтарда көптеген дамыған елдерде ӨЦК-ны пайдаланудың жеткілікті үлкен тәжірибесі жинақталды, нормативтік-құқықтық база құрылды, мемлекет пен жеке сектор субъектілерінің өзара іс-қимылының шеңберін белгілейтін институционалдық тетіктер әзірленді. Жыл сайын бұл тәжірибе танымал бола бастады. Оны қолданудың ең көп таралған салалары көлік және инфрақұрылым, білім беру және денсаулық сақтау болды және болып қала береді.

Қазақстанда бұл жаңалық енді ғана қарқын алуда. ӨЦК ұғымы ҚР-да 2015 жылдың қазан айында қабылданған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда жазылған. Бүгінгі күні республикада келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік неғұрлым белсенді қолданылады, ол оның ішінде өмірлік цикл келісімшарттары түрінде де іске асырылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жалпы санының жартысынан астамын құрайды. Тиісінше денсаулық сақтау саласы мен ТКШ екінші және үшінші орындарда.

ӨЦК жұмысының механизмі, жабдықты жеткізуге, қосалқы бөлшектерді, шығын материалдарын сатып алуға және жабдыққа қызмет көрсетуге бөлек қысқа мерзімді келісімшарттар жасалатын дәстүрлі сатып алулардан айырмашылығы, жабдықты жеткізуді және орнатуды, жабдықпен жұмыс істеу бойынша персоналды оқытуды, сондай-ақ кейіннен қызмет көрсетуді, жөндеуді, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алуды көздейді, яғни бір келісімшартта көзделген жұмыстардың толық тізбесі.

Бұл мемлекеттік сатып алудың әдеттегі процедурасынан басты айырмашылығы, жабдық бөлек сатып алынған кезде, сервистік жұмыстарға тендер жарияланатын. Оларды біраз уақыт күтуге тура келетін, және үшінші тарап орындаушыларының біліктілігі де көптеген сұрақтар туғызатын.

Мұнда қарапайым ереже жұмыс істейді: медициналық жабдықты сатып алдыңыз, орнаттыңыз– қызмет көрсетуді/жөндеуді қамтамасыз етесіз. Жақсы сатып алдыңыз техникалық қызмет көрсетуді үнемдедіңіз, нашар сатып алдыңыз өзіңіз жөндейсіз.

Өмірлік цикл келісімшарттарының бөлігі ретінде техникалық талаптар тек алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтар жауап бере алатындай етіп белгіленеді және өндірушілер үлкен жеңілдіктер береді. Бұл, мүмкін, ең жағымды жағдай, өйткені 7-12 жыл ішінде мұндай техниканың ескіру мүмкіндігі аз.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармаларының ақпараты бойынша, соңғы 10 жылда қымбат медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған шығындар 11 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қолдауға және сервистік қызмет көрсетуге 7 млрд. теңге, қосалқы бөлшектерді жөндеуге және ауыстыруға 3 млрд. теңге. Өмірлік цикл тұжырымдамасы шығындарды 40%-ға дейін төмендетуге және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қарапайым мысалды талдайық.

Клиникаға заманауи техниканы сатып алу қажет деп елестетіп көрейік. Ол үшін тапсырыс беруші алдымен жеткізу тендерін өткізуі керек, ал көбінесе таңдау жоғары сапа емес, төмен баға мен негізгі талаптарды орындау пайдасына жасалады. Содан кейін медициналық мекеме барлық техникалық талаптарға сәйкес келетін жабдыққа бөлме дайындауы керек. Сондай-ақ, қызметкерлерді оқыту немесе мамандар табу қажет.

Өндіруші зауыттың кепілдігімен қамтылған белгілі бір жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін бірқатар проблемалар туындайды. Регламенттік техникалық қызмет көрсету қажет, ал егер кейбір бөлшектер істен шыққан болса, онда қымбат құрылғы ұзақ уақыт жұмыс істемейді.

Мұндай тоқтап қалудың себептерінің бірі бөлшектерді жеткізуге, қызмет көрсетуге, сатып алуға немесе жөндеуге жеке тендер өткізуді талап ететін заңнама. Бұл процедураларға бірнеше ай қажет болуы немесе мекеме бюджетінде қаражат болмауы мүмкін. Ал пациенттер өз кезегінде басқа медициналық мекемелерден қажетті қызметті іздеуге мәжбүр.

Демек, қорытынды – өмірлік цикл келісімшартының негізгі құндылығы мемлекет ӨЦК объектісін халыққа оның үздіксіз жұмыс істеуі немесе қысқа мерзімде жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру шарттарында жоғары сапалы қызмет көрсету үшін пайдалануға, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік алады (халықтың базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін (БҰҰ ЕЭК ұсынған PEOPLE FIRST PPP – «халық үшін құндылықтар» принципі) халық үшін ұзақ мерзімді пайда).

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдарды медициналық техникамен жарақтандыру бөлігінде, атап айтқанда, жабдықтарды сатып алудың ресейлік, еуропалық және американдық практикасында ӨЦК жасасудың әлемдік тәжірибесін зерттеді.

Мұның себебі қарапайым: бұл қазіргі уақытта медициналық жабдықтармен жабдықтау саласындағы ең тиімді және пайдалы тәсіл. Өмірлік цикл келісімшарттары бойынша әсерлі көлемдер сатып алынады, мысалы, Мәскеу тек көлік, ТКШ және медицина саласында оларды 500 миллиард рубльден астам сомаға жасады.

Халықаралық тәжірибе мен қолда бар статистиканы ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор бюджеттік шығыстарды қысқартуға және техниканың істен шығуы себебінен оның тоқтап қалу мерзімін барынша қысқартуға, сондай-ақ медициналық жабдықты сервистік қолдауды жетілдіруге мүмкіндік беретін шаралар қабылдауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізеді.

Сервистік қызмет көрсетудің осы моделін енгізу үшін Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына түзетулер жобасын дайындады, ол бірқатар келісімдерден өтеді. Жоба шеңберінде магнитті-резонанстық томограф, компьютерлік томограф және ангиограф сияқты қымбат медициналық техниканы сатып алу бойынша өмірлік цикл келісімшартының механизмін енгізу жоспарлануда.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан жария талқылаудан Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің шешімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП, аккредиттелген ұйымдар мен қауымдастықтардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындылары алынды.

Медициналық техника өндірушілерін кадрларды даярлауға тартуды қоса алғанда, техникалық мамандарды даярлау бойынша жұмыс жүргізілуде (медициналық техниканың ірі өндірушілерінде мамандарды даярлаудың өзіндік бағдарламалары бар, мысалы, GE Academy).

Мысалы, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді, онда растайтын құжатты бере отырып, медициналық мекемелердің техникалық персоналын базалық қызмет көрсету деңгейіне оқыту туралы талап көзделген.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техниканы тікелей сатып алу және республика аумағында медициналық персонал мен сервистік инженерлер үшін оқыту орталықтарын ашу мәселелері бойынша медициналық техника өндірушілерімен (General Electric, Philips, Roche) бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі уақытта өндірушілер аталған мәселелер бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар қалыптастыруда.

Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен, техникалық және көпсалалы университеттермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету бөлігінде өз қызметін жүзеге асыратын техникалық мамандарды даярлаудың бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігі бойынша мәселені қосымша пысықтауда.

Сонымен қатар, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор Сервистік қызметтер қауымдастығының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Талқылау барысында медициналық ұйымдарда қызмет көрсететін сервистік компанияларға қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды нақты айқындау сияқты міндетті талаптарды бекіту қажеттілігі қаралды.

Медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді дамытуды талқылау үшін нәтижелі диалог алаңы «MedTech» медициналық техника жөніндегі II Халықаралық форум болды. Ірі іс-шарада отандық медициналық техника өндірісін дамыту тақырыбына стратегиялық және бизнес сессия арналды, онда сарапшылар мен қатысушылар денсаулық сақтау ұйымдарының жарақтандырылуы мен қолда бар медициналық техника паркінің тозу деңгейін, ҚР-да медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және биомедициналық инженерлердің кадр тапшылығын (денсаулық сақтау ұйымдарында да, нарықта да), сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникаға қосалқы бөлшектер резервінің сервистік қызметтерінде, бұл жөндеу кезінде тоқтап қалу уақытының ұлғаюына алып келеді.

Өмірлік цикл келісімшарттарын жасай отырып, жеке операторларды іріктеу тетіктері жетілдірілетін болады, мемлекет пен ӨЦК операторы арасындағы өзара іс-қимылдың қарқындылығы артатын болады, сондай-ақ келісімшартты қолдану сапасын бағалау үшін түпкілікті тұтынушыларды тартуға ықпал ететін болады.

Медициналық техниканы сатып алу және қызмет көрсету нәтижесінде ӨЦК –халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын едәуір арттыру және денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы тиімді пайдалану жолымен оларды көрсетуге шығындарды азайту.

Сонымен, барлығы да ұтады: медициналық ұйымдар да, өндірушілер де, ең бастысы, жоғары сапалы, үздіксіз жұмыс істейтін медициналық жабдықта диагностикадан өтетін науқастар.

Медициналық жабдықтармен жарақтандыру саласындағы осындай инновациялық тәсілмен елдің денсаулық сақтау деңгейін, сондай-ақ пайдалану және сервистік қызмет көрсету кезінде елеулі қаржылық шығындарды талап ететін медициналық техника сияқты қымбат сатып алу объектілеріне ұзақ мерзімді қызмет көрсетумен байланысты бюджет қаражатын жоспарлау мен жұмсаудың тиімділігін арттыруға болады.

Бұл өз кезегінде мүмкіндігінше көп пациенттерді емдеуге мүмкіндік береді, бұл бірінші кезектегі құндылық болып табылады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще