Қызметі: ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау (уәкілетті орган Бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізіміне сәйкес). Стационарлық деңгейде медициналық ұйымдар алдындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу. Халыққа амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың игерілуін (тұтынылуын) және қалдықтарын мониторингілеу.