Байланыс орталығы 1439

Қаблаев Аңсар Болатұлы

Қызметі: Өндірістік талдау басқармасының негізгі міндеттері – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу және өткізу мәселелері бойынша Бірыңғай дистрибьюторды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу, атап айтқанда сатып алуға көлемді бағыттау, сатып алу бойынша талдамалық материалдарды дайындау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алмау себептерін талдау, сатып алу қорытындылары бойынша бюджетті үнемдеуді есептеу, фармацевтикалық нарықты талдау.

Бұдан басқа, Өндірістік талдау басқармасы Бірыңғай дистрибьютордың Тізбесін цифрландыруды және талдау сапасын арттыру үшін заманауи технологияларды пайдалана отырып процестерді автоматтандыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.