Байланыс орталығы 1439

Кузина Надежда Анатольевна

Қызметі: Инвестициялық жобалар басқармасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде фармацевтика саласында мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырады.

1. Ұзақ мерзімді шарттарды сүйемелдеу

1) ДЗ мен МБ номенклатурасын құру және бекіту;

2) Дз мен МБ Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу;

3) Инвестициялық жобаларға мониторинг жасау;

4) Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын ұзарту және (немесе) ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын 3 жылға дейін жасасу;

5) ДЗ мен МБ Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бұзу;

6) Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушімен оригиналды патенттелмеген дәрілік заттарға Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу.

2. Келісімшарттық өндіріс шеңберінде BigPharma компанияларымен бизнес-коммуникацияларды дамыту

1)Фармацевтика саласын дамыту және Бірыңғай дистрибьютор қызметін жетілдіру шеңберінде әлеуетті өнім берушілермен (шетелдік компаниялармен) ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізу (офлайн және онлайн кездесулер).

Анықтама: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 41) тармақшасында Бірыңғай дистрибьютор ҚР аумағында орналасқан дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды (ДЗ және МБ) өндірушімен не болмаса оригиналды патенттелген ДЗ келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушісімен, сондай-ақ ДЗ және МБ жеткізуге арналған МБ келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушілерімен немесе заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР аумағында орналасқан өндірісті құруға немесе қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға ниеті бар ДЗ және МБ айналыс саласындағы субъектімен үш жылға дейін ұзарту құқығымен он жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасайтыны көзделген.