Қызметі: халықпен кері байланыс, сұраныстарға жедел қызмет көрсету және әрбір медициналық ұйым бөлінісінде МӘМС жүйесінде ТМККК және медициналық көмек шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіби кеңес беру.
Байланыс орталығының беретін ақпараты:
1. амбулаториялық және стационарлық деңгейде ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық ұйымға ДЗ және МБ тиеп жөнелту кестесі мен фактісі бойынша;
2. амбулаториялық деңгейде медициналық ұйымда ДЗ және МБ қалдықтарының болуы және саны бойынша;
3. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын ДЗ және МБ бекітілген тізбесі бойынша (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 Бұйрығы);
4. белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бекітілген тізбесі бойынша (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы);
5. құпия болып табылмайтын құзыреті шегінде Бірыңғай дистрибьютордың қызметі бойынша ақпарат.
Әрбір шағым жеке тәртіппен пысықталады. Халықтан алынған мәліметтерді, ЕФИС есептік деректерін, медициналық ұйымдардың алдын ала және қорытынды өтінімдері бойынша деректерді талдау ДЗ/МБ қамтамасыз етпеудің негізгі себебін анықтауға мүмкіндік береді. Пациент бойынша ақпарат талдаумен және қамтамасыз етпеу себептерімен «мүдделі» құрылымдық бөлімшелерге (ДҚБ және ЛБ) пысықтау үшін жіберіледі.