Қызметі: Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару қызметі «СҚ-Фармация» ЖШС ұйымдық құрылымына кіреді, оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Серіктестіктің бекітілген ұйымдық құрылымына сәйкес Басқарма Төрағасына тікелей бағынады.
Тәуекелдерді ішкі бақылау және басқару жүйесі барлық елеулі тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингтеуге, сондай-ақ Серіктестіктің қызметі мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған.