Қызметі: «СҚ-Фармация» ЖШС Отандық тауар өндірушілермен жұмыс жөніндегі басқарма ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілермен тиісті қаржы жылына арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдерін үйлестіруді жүзеге асырады.
Негізгі функцияларға – жеткізушілердің міндеттемелерді орындауын бақылау, жеткізу бағасын анықтау бойынша келіссөздер жүргізу және қосымша келісімдер жасау кіреді. Басқарма сонымен қатар медициналық өнімдердің тұрақты қорын қамтамасыз ету үшін жеткізілімдерге мониторинг жүргізеді және қосымша көлемді сатып алуды ұйымдастырады.