Қызметі: Қауіпсіздік қызметінің негізгі міндеттері:
1) Серіктестіктің және оның өңірлік өкілдіктерінің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді талдау және кешенді бағалау;
2) Серіктестік басшылығын жай-күйі мен қауіпсіздікке төнетін қатерлер туралы анық және жедел хабардар ету;
3) тыйымдры мен шектеулері бар адамдарды жұмысқа қабылдау қаупінің алдын алу және жою мәселелерінде, сондай-ақ контрагенттерді тексеру шеңберінде серіктестіктің мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
4) Серіктестіктің меншігіне, экономикалық мүдделеріне қарсы құқыққа қарсы және өзге де қызметтің алдын алу, жолын кесу және анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;
5) Серіктестік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және Серіктестіктің ішкі құжаттарын бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау.