Байланыс орталығы 1439

Қаниева Нұрдана Жансерікқызы

Қызметі: Басқарманың негізгі міндеттері:

1.     Серіктестіктің ақпараттық саясатын қалыптастыру және іске асыру;

2.     Серіктестікте бірыңғай PR-тұжырымдаманы іске асыру;

3.     Серіктестіктің қызметі туралы объективті ақпарат беру, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), Серіктестіктің ресми сайты, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы мүдделі тараптарға ақпараттық ашықтықты және ақпаратты ашуды қамтамасыз ету;

4.     ақпараттық хабарламаларды, материалдарды, мақалаларды, баспасөз релиздері мен жарияланымдарды әзірлеу, жария сөз сөйлеуді, Серіктестіктің қызметі туралы сұхбаттарды дайындау, оларды БАҚ-та тарату, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде БАҚ-тың сұрауларына жауаптарды қалыптастыру;

5.     БАҚ өкілдерінің қатысуымен Серіктестік басшылығының баспасөз конференцияларын, брифингтерін, презентациялары мен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу, серіктестіктің ақпараттық іс-шаралары барысында БАҚ өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру;

6.     Серіктестіктің БАҚ-пен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

7.     билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерімен байланысты жүзеге асыру және қолдау;

8.     Серіктестіктің Қоғамдық жұмыс тобының отырыстарын үйлестіру және ұйымдастырушылық сүйемелдеу, оларды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау;

9.     Серіктестік қызметінің бағыттары бойынша БАҚ-тағы ақпараттың күнделікті мониторингі, БАҚ-та жағымсыз ақпараттың пайда болуына уақтылы әрекет етуді қамтамасыз ету;

Басқарманың қызметін реттейтін Серіктестіктің ішкі құжаттарын әзірлеу және уақтылы іске асыру.