Искалиев Ерхат Серикович –
«СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы

Искалиев Ерхат Серикович – «СҚ-Фармация»
ЖШС-нің Басқарма Төрағасы

Искалиев Ерхат Серикович – «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы

Туылған күні: 25.09.1976 г.

Туған жері: Алматы қ.

Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын, серб тілі

Білімі:

  • «Братья Карич» Университетінің Банк ісі және сауда академиясы (Югославия, 1993-1998), Банк ісіндегі экономист-менеджер (бакалавр), Бухгалтерлік есеп пен аудиттегі экономист-менеджер (бакалавр);
  • Заңтану Академиясы – «Әділет» Жоғары құқық мектебі (Астана, 2001-2003), Заңгер;
  • Халықаралық Бизнес Академиясы (ХБА) (Астана, 2007-2009), MBA бағдарламасы, Корпоративтік менеджмент;
  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті. (Алматы, 2007-2009), ғылыми дәрежесі э.ғ.к. (Ph.D), «Қаржы, ақша айналымы және несие»;
  • EUROPEAN UNIVERSITY Business School (EU)/International Business School (IBS) (Астана, Монтро 2012-2015), DBA Халықаралық Бағдарламасы.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәреже ізденуші (Ph.D) «Қаржы, ақша айналымы және кредит» мамандығы бойынша диссертация тақырыбы: «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын лизингтік қаржыландыру»;
  • «Кредит+Лизинг» және «Equity+Лизинг» модельдері арқылы лизингті пайдалана отырып, құрылымдық қаржыландыруды ғылыми зерттеу;
  • Академиялық дәреже – Іскерлік әкімшілендіру докторы

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің инвестициялық институттармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі, бас маманы, Атырау қаласы (1998-1999);
  • Атырау облысы әкімдігінің Атырау облыстық экономика басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары, Атырау қаласы (1999-2000);
  • Атырау облысы әкімдігінің Облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, бастығының м.а., Атырау қаласы (2000-2002);  
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Қаржы департаментінің директоры, Астана қаласы (2002);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз және кредит беру департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы (2002-2003);
  • «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ Инвестициялық саясат және жобалық қаржыландыру департаментінің директоры, Астана қаласы (2003);
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры, Астана қаласы (2003-2006);
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы, Астана қаласы (2006-2008);
  • «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Қазтеміртранс» АҚ Президенті, Астана қаласы (2008-2009);
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Индустрия және сауда Вице-министрі, Астана қаласы (2009-2010);
  • «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Президентінің логистика және инвестициялар жөніндегі кеңесшісі, Астана қаласы (2010-2011);
  • «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Логистика жөніндегі Вице-Президенті, Астана қаласы (2011-2013);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасының Бас Директоры, Президиум мүшесі, Көлік, логистика және байланыс комитетінің мүшесі, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы» ЗТБ, Астана қаласы (2013-2015);
  • «Объединенная Транспортно-Логистическая Компания» ААҚ Бірінші Вице-Президенті, Мәскеу қаласы (2015-2016);
  • «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қорының «Көлік және Логистика» Салалық Дирекциясының (ҚТЖ ҰК және «AIR Astana» АҚ) директоры, Астана қаласы (2016-2018);
  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Логистика және Тасымалдау комитетінің Көліктік Логистика Кіші комитетінің Төрағасы, Астана қаласы (2018-2020).

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің алғыс грамоталары
  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» арналған мерекелік медалі

Мүшелік

  • 2007 жылдын бастап «Нұр-Отан» ХДП мүшесі
  • Қазақстанның Тәуелсіз директорлар қауымдастығының (KIDA) мүшесі
  • «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағы Президиумының мүшесі және ҰКП Көлік логистикасы кіші комитетінің төрағасы, «Жібек Жолы» Халықаралық логистика және бизнес институты» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
  • «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» (G-Global) қауымдастығының мүшесі, Қазақстан-Сербия Іскерлік Кеңесінің Тең төрағасы, «KAZSERVICE» Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары Президиумының мүшесі
  • Қазақстан Машина Жасаушылар Одағының мүшесі
  • «Джетысу ӘКК» АҚ, «Каспий ӘКК» АҚ, «Батыс ӘКК» АҚ, «Kaznexinvest» АҚ, «Қазақстандық Келісімшарттық Агенттік» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Казтранссервис» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ, «ҚШЫХО» АҚ, «ТӨЛҰО» АҚ, «Қорғас АЭА – Шығыс Қақпа Басқарушы компания» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «БатысТранзит» АҚ, «Шұғыл Көмек Ғылыми Орталығы» АҚ, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, Ұлттық Медициналық Холдинг», «ТрансКонтейнер ЖАҚ» АҚ, «Атырау әуежайы» АҚ, «Ақтөбе әуежайы» АҚ, «СберЛизинг» ЖШС,
    «СҚ-Фармация» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее