СК-Фармация

Гуманитарлық көмек

«СҚ-Фармация» ЖШС гуманитарлық көмек алу бойынша бірыңғай оператор болып белгіленді

Бірыңғай дистрибьютор барлық келіп түсетін гуманитарлық көмекті алушы болып табылады, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша медициналық ұйымдар арасында медициналық өнімдерді біркелкі бөлу бойынша рұқсат қағазын қалыптастырады және қайырымдылықтан түсетін тауарларды елдің медициналық ұйымдарына тасымалдауды қамтамасыз етеді.

«СҚ-Фармация» қайырымдылық көмек бойынша бірыңғай оператор мәртебесін алған сәттен бастап компанияда алдын ала ақпараттандыру моделін әзірледі, оған сәйкес елге жолданатын гуманитарлық жүк бойынша барлық құжаттар жөнелтуші елден ұшақтың ұшуына дейін жіберіледі.

Алдын ала ақпараттандырудың жаңа моделі нақты уақыт режимінде, жүктің ұшуы кезінде барлық қажетті рұқсат құжаттарын, рұқсат қағазын алуға және келген көмекті жеткізілгеннен кейін бірден жөнелтуді бастауға мүмкіндік береді.

Мұндай тиімді өзара әрекеттесу гуманитарлық көмек алуға және жөнелтуге тартылған барлық құрылымдардың - Сыртқы істер министрлігінің, кеден қызметінің, авиакөлік компанияларының, әуежайлар мен әкімдіктердің толық қолдауымен ғана мүмкін болады. Осы ведомстволардың барлығы гуманитарлық жүкті жедел түрде алу мүмкіндігі үшін процестерді барынша оңтайландыруға жәрдемдесуге дайын.

Ведомстволарда коронавирустық инфекциямен күреске тартылған соңғы тұтынушы – ауруханалардағы медицина қызметкерлері үшін қажет жеке қорғану құралдарын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды жедел түрде алуды қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек мәселелеріне жетекшілік ететін жауапты тұлғалардың тізімі қалыптастырылды.

Гуманитарлық көмекті бөлу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық өзекті ақпарат күн сайын осы бөлімде жаңартылатын болады.

2020 жылғы 22 қазан жағдайы бойынша өңірлер арасында келіп түскен гуманитарлық көмекті бөлу туралы ақпарат сілтеме бойынша құжатта ұсынылған.

2020 жылғы 22 қазан Денсаулық сақтау ұйымдары бөлінісінде гуманитарлық көмекті бөлу бойынша ақпарат сілтеме бойынша құжатта ұсынылған.