Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 30 бұйрығымен Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың жаңа редакциясы бекітілді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2025 жылдың 7 сәуірінде өтті.
Дәрілік формулярмен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/208770/kaz
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – бұл клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі.