Жаңалықтар
04.01.2023

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС-і АРҚЫЛЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУҒА ҚАТЫСТЫ

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СҚ-Фармация дәрі-дәрмектерін отандық өндірушілерден сатып алу тақырыбында пайда болған резонансқа байланысты келесіні хабарлаймыз.

 «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-і отандық өндірушісінен қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмектерді сатып алуға жасалған шартты Алматы Онкологиялық орталығы өз алдына дербес жасасқан болатын.

СҚ-Фармация бұл тендердің тапсырыс берушісі де, ұйымдастырушысы да болып табылмайды.

Дәі-дәрмектерді «СҚ-Фармация» ЖШС-і арқылы сатып алу

Дәрі-дәрмектерді СҚ-Фармация арқылы сатып алу заңмен бекітіліп, Үкіметтің №375 қаулысымен бекітілген сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелерімен реттеледіwww.adilet.zan.kz.

Ержеге сәйкес, СҚ-Фармация ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-88 бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың сипаттамалары, халықаралық патенттелмеген атауы қамтылған дәрі-дәрмектердің Тізбесі негізінде сатып алуды жүзеге асырады – www.adilet.zan.kz.

№ 375 Ережеге сәйкес барлық дәрі-дәрмектерді сатып алу төрт тәсілмен жүргізіледі:

  • Шетелдік өндіруші зауыттармен тікелей келісімшарттар;
  • БҰҰ (ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, СТОП ТБ) құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу;
  • Отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарт;
  • Сатып алу веб-порталы арқылы Тендер.

Өндіруші зауыттардан түпнұсқа дәрі дәрмектерді сатып алуға қатысты

Қолданыстағы заңнама бойынша – www.adilet.zan.kz, тек аналогсыз (түпнұсқалы) дәрі-дәрмектер ғана делдалдарсыз тікелей өндіруші зауыттардан сатып алынады.

Аналогсыз дәрілік заттарға белгілі бір дәрілік формасы, дозасы және (немесе) концентрациясы бар, халықаралық патенттелмеген атауы бойынша Қазақстанда тіркелген баламасы жоқ дәрі-дәрмектер жатады. Мұндай атаулар тікелей өндіруші зауыттардан сатып алынады.

Сонымен қатар, тікелей зауыттардан сатып алу нақты сауда атауларын қолдану көзделген аурулар санаты үшін, ол мысалы, ағзалар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар, АИТВ (ЖИТС), орфандық аурулар және т. б. сияқты нозологиялар бойынша жүргізіледі.

СҚ-Фармация 2022 жылға онкологиялық аурулары бар ел халқына медициналық көмек көрсету үшін 116 қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек сатып алды, оның шамамен 50%-ы түпнұсқалы дәрілік заттар болып табылады.

Бевацизумаб дәрі-дәрмегін сатып алуға қатысты

СҚ-Фармация Тізбесіне халықаралық патенттелмеген атауы бар «Бевацизумаб» дәрі-дәрмегі 2 дозада – 100 мг/4 мл және 400 мг/16 мл инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат дәрілік формасында енгізілген.

2013-2019 жылдар аралығында «Бевацизумаб» дәрі-дәрмегін «Авастин» сауда атауымен швейцариялық Ф.Хоффман-Ля Рош Лтд сатып алған.

2020 жылдан бастап бұл дәрі-дәрмек «Бевацизумаб» сауда атауымен Қарағанды фармацевтикалық кешенінен отандық өндірісте сатып алынады.

Бұл ретте, отандық тауар өндірушісіндегі дәрі-дәрмектің бағасы 2017-2019 жж. сатып алынатын «Авастин» дәрі-дәрмегінің бағасынан төмен (100 мг/4 мл дозасы 24,4%-ға, 400 мг/16 мл дозасы 11,3%-ға төмен).

Генериктер мен биосимилярларды қолдану – көп халықты қамту үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жалпы әлемдік тәжірибе. Генерикалық дәрінің құрамында түпнұсқасымен бірдей белсенді зат бар, бірақ көмекші заттармен, дәрі-дәрмектің формасымен, өндіріс технологиясымен және т.б. ерекшеленуі мүмкін. Қазірдің өзінде АҚШ немесе Швеция сияқты дамыған елдерде генериктер түпнұсқаларға қарағанда жиі сатып алынады.

Айта кету керек, дәрі-дәрмек немесе медициналық бұйым Қазақстанда нарыққа шығып, медициналық ұйымда, дәріханада пайда болмас бұрын, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету немесе бөлшек саудада сату шеңберінде ел азаматтарын қамтамасыз ету үшін оларды мемлекеттік тіркеу рәсімдерінен міндетті түрде өтуі қажет.

Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу – қауіпсіздікті, сапаны және тиімділікті тексеруге бағытталған шаралар кешені. Сондай-ақ, тіркеу барысында клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері, халықаралық стандарттарға сәйкестігі бағаланады. Процедураның басты мақсаты – ел халқын қауіпсіз, тиімді, сапалы дәрі-дәрмектермен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету.

Анықтамалық:

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің кезеңдерінің құрылымымен сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады - https://sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/smi_o_nas/ot-proizvodstva-do-paczienta-sistema-lekarstvennogo-obespecheniya.

Медициналық дәрі-дәрмектерге баға белгілеу туралы сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады - https://sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/smi_o_nas/sk-farmacziya-ne-zakupaet-medikamentyi-dlya-chastnyix-aptek.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще