Жаңалықтар
04.03.2023

ҚАЗАҚСТАНҒА PFIZER ВАКЦИНАСЫНЫҢ 500 МЫҢНАН АСТАМ ДОЗАСЫ ӘКЕЛІНДІ

3 наурызда қазақстандықтар үшін вакцинацияның  қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  COVID-19 қарсы Pfizer вакцинасының партиясы жеткізілді. Comirnaty Original/Omicron BA.4-5 вакцинасының 500 мыңнан астам дозасы Қазақстанға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Словакия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде әкелінді.

Елге гуманитарлық көмек беру үшін словакиялық тарапын Қазақстан Республикасындағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Роберт Кирнаг және Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Респуьбликасындағы Словакия Республикасының Елшілігінің кеңесшісі Павол Ковацовский басқарды. Ал қазақстандық тараптан Алматы қаласының бас санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы, «СҚ-фармация» ЖШС басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Артур Кажибаев, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Нұрбол Кенжебай және Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің кеңесшісі Сәуле Жақыпова өкілдік етті.

Әкелінген вакцина шұғыл түрде жапсырма рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ СЭБК рұқсаттамасына сәйкес елдің өңірлеріне жөнелтіледі. Және жақын арада короновирустық инфекцияға қарсы  Қазақстан Республикасының азаматтарын вакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын  GMP және GDP барлық стандарттарын, сонымен қатар  «салқындату тізбегін» сақтай отырып жүзеге асырады.

Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстау және жағымсыз салдарды болдырмау үшін, вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді.

Comirnaty Original/Omicron BA.4-5 – ковидке қарсы вакцинаның бастапқы курсын алған 12 жастан және жоғары жастағы тұлғаларға қолдануға арнлған ковидке қарсы вакцинаның тауарлық атауы.

Жаңартылған құраммен алынған вакциналар вирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы кеңірек қорғауды қамтамасыз етеді және осыған байланысты олар COVID-19-дан иммундық қорғаныстың оңтайлы деңгейін және вирустың одан әрі эволюциясы кезеңінде де сақтауға көмектеседі деп күтілуде.

 Дәрілік заттар бойынша Еуропалық агенттіктің бейінді комитеті   (EMA)   құрамында Omicron BA.4 и BA.5 субварианттары бар COVID-19 қарсы вакцинаға тіркеу рұқсатын ұсынды. Бұл вакцина Comirnaty (Pfizer/BioNTech) вакцинасының түпнұсқалық нұсқасына бейімделген. Вакцинаның бейімделу мақсаты вирустың айналыстағы және тұрақты штаммдарынан жақсы қорғануды қамтамасыз ету.

Қазақстан аумағында тұрғындарды вакцинациялау үшін «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «СоronaVac», «Sinopharm», «Comirnaty» вакциналары қолданылғанын еске саламыз.

Анықтама:

Адам үшін дәрілік заттар бойынша комитет (CHMP) — бұл Дәрілік заттар бойынша еуропалық агенттіктің (EMA) комитеті.

Сондай-ақ CHMP EMA – ға берілген, ұлттық деңгейде рұқсат етілген дәрілік заттарды ЕС позициясында олардың келісілуін бағалайды.  Сонымен қатар, CHMP және оның жұмыс топтары дәрілік заттарды әзірлеуге және дәрілік заттарды реттеуге өз үлестерін қосады.

Pfizer, Inc. — американдық трансұлттық компания, әлемнің ірі фармацевтикалық компанияларының бірі. Компания әлемге ең танымал липитор препаратын өндірді; Бұл препарат қандағы холестерин деңгейін төмендету үшін қолданылады, 1997 жылдан 2012 жыл аралығында ол 125 млрд долларға сатылған.

Вакцинаны тасмалдау  «Салқындату тізбегі» қағидасымен жүргізіледі – кезеңдердің әрқайсысында температуралық режимді қатаң ұстау қамтамасыз етіледі. Алайда әр деңгейге өзінің жауапты ұйымы болады.

Вакцинаны тасымалдау 4 кезеңнен тұрады:

  1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабына дейін;
  2. Бірыңғай дистрибьютордың хабынан өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;
  3. Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін;
  4. Қолданғанға дейін медициналық ұйымдарда сақтау.
Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
29 февраля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
29 февраля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
28 февраля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"