Жаңалықтар
15.10.2024

15 ҚАЗАН-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жыл сайын 15 қазанда Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күн ерте диагностика мен алдын-алудың маңыздылығына, сондай-ақ емдеудің қол жетімділігіне назар аударады. Бұл сырқат – бүкіл әлемдегі әйелдер арасында қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі және де жыл сайын осы ауруға миллиондаған адамдар шалдығады.

ДДҰ мәліметтері бойынша, аталып отырған обыр түрі қатерлі ісік диагноздарының 21%-ын құрайды – әлемдегі әрбір сегізінші әйел осы сырқатпен аурады. Қазақстанда тек 2023 жылы сүт безі қатерлі ісігінің 5,5 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. Бір жыл ішінде бұл аурудың кесірінен 1 мыңнан астам адам көз жұмды.

Онкологиялық ауруды ерте диагностикалау – сәтті емдеу мүмкіндігін едәуір арттырады. Бұл ерте анықталған сүт безі қатерлі ісігін емдеу оңайыраққа түсетінімен, әрі өмір сүру деңгейінің барынша жоғары көрсеткішімен байланысты. Маммография, ультрадыбыстық зерттеу, сондай-ақ өзін-өзі диагностикалау сияқты скринингтік әдістер ісіктерді ерте анықтауда шешуші рөл атқарады.

СҚ-Фармация Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша дистрибьютор бола отырып, пациенттерді сүт безі обырын емдеу үшін өмірлік маңызды препараттармен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда.

Компания бүкіл ел бойынша сүт безі обырын емдеуге арналған препараттардың болуын қамтамасыз етеді. Олардың ішінде халықаралық клиникалық тәжірибеде өзін дәлелдеген заманауи гормоналды, мақсатты және химиотерапиялық препараттар да бар.

Бірыңғай дистрибьютор онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алады. Мәселен, 2024 жылға медициналық ұйымдар дәрілік заттардың 124 атауын мәлімдеген. Бүгінгі таңда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында еліміздің медициналық ұйымдарына 8 миллионнан астам дәрі-дәрмек жеткізілді.

Осы атаулар бойынша стационарлық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға 823 381 дәрі-дәрмек жөнелтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютор мен «Roche Holding AG» швейцариялық фармацевтикалық компаниясы арасында Қазақстан Республикасы аумағында онкологиялық ауруларды, атап айтқанда, сүт безі обырын емдеуге арналған төрт бірегей дәрілік препаратты өндіруге ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды: Перьета 420 мг/14 мл, Герцептин 600 мг/ мл, Кадсила 100 мг және 160 мг. Өндіріс «Нобель АФФ» АҚ отандық өндірушісінің базасында іске асады. Бүгінгі таңда ісікке қарсы препараттар Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтіп, тиісті рұқсат құжаттарын алды.

СҚ-Фармацияның басты міндеттерінің бірі – жеткізілетін препараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету. Логистиканы оңтайландыру және бағаны бақылау арқасында дәрі-дәрмектер пациенттер үшін қол жетімді болып отыр.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще