Бүгін осы басылымда біз амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек сатып алу туралы айтуды ұсынамыз.
Ең алдымен, қандай емдеу амбулаториялық деп аталатынын талдап көрейік.
Амбулаториялық емдеу – бұл медициналық мекеме ауруханаға жатқызуды қажет етпестен пациенттерге көрсететін медициналық көмек.
Мысалы, бұл медициналық қызметтердің науқастың үйіне барып көрсетілуі немесе пациенттердің емдеуші дәрігерге өзіне оның кабинетіне немесе емханасына баруы.
Осылайша, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – емханаларда дәрі-дәрмектерді рецепт бойынша беру болып табылады.
Бірыңғай дистрибьютор 2018 жылдан бастап бүкіл амбулаториялық тізбені орталықтандырылған түрде сатып алады, бұл 2018 жылы ел бюджетін 23,4 млрд теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік бергендігін атап кеткен жөн.
Биыл бірінші жартыжылдықта «СҚ-Фармация» амбулаториялық деңгейде 2 миллионнан астам пациентті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 106 млрд теңгеден астам сомаға 2 млн пациентке 8 миллионнан астам рецепт жазылды, бұл күн сайын орта есеппен алғанда 44,2 мыңға жуық рецепт жазылып, босатылатынын көрсетеді.
Жыл сайын мемлекет амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге қаржыландыруды ұлғайтып келеді.
2020 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді, бұл қосымша 105 нозологияны қамтуға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, егер тегін дәрі-дәрмек алу бойынша сұрақтарыңыз туындаса, Сіз әрқашан 1439 тегін нөмірі бойынша «СҚ-Фармация» байланыс орталығына хабарласа аласыз.