Жаңалықтар
22.08.2024

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АУРУХАНАЛАР ҮШІН ДӘРІЛЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САТЫП АЛУ БАСТАЛДЫ

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС 2025 жылға арналған сатып алу науқаны басталғанын хабарлайды.

Сатып алу дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың атаулары, олардың көлемі, дозалары, шығару нысандары және жеткізу кестесі бойынша өз қажеттілігін қалыптастыратын медициналық ұйымдардың өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

2025 жылға медициналық ұйымдар стационарлық медициналық көмек пен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 530,05 млрд теңге сомасына 1734 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінім берді.

Қазіргі уақытта мәлімделген қажеттіліктер бойынша сатып алу рәсімдері мынадай тәсілдер бойынша жүргізіледі. 114,56 млрд теңге сомасына 691 атау ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алуға жіберілді.

Айта кету керек, ұзақ мерзімді шарттар – бұл отандық тауар өндірушілермен дәрі-дәрмек жеткізуге шарттар жасасу арқылы қазақстандық фармацевтика саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасы. Ұзақ мерзімді шарттар үш жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 10 жыл мерзімге жасалады.

Сондай-ақ, шетелдік өндірушілерден 235,92 млрд теңге сомасына 432 атауды сатып алу жоспарлануда. 124,24 млрд теңге сомасына 408 атау тендер шеңберінде мамандандырылған цифрлық платформада электрондық форматта өтеді.

24,72 млрд теңге сомасына 67 дәрілік заттарды сатып алу халықаралық ұйымдар арқылы жоспарлануда. Халықаралық ұйымдарға БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және т.б. сияқты ұйымдар жатады.

Естеріңізге сала кетейік, егер азаматтарда тегін препараттарды алу бойынша сұрақтар туындаса, олар 1439 тегін нөмірі бойынша «СК-Фармация» колл-орталығына жүгіне алады.

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще