Жаңалықтар
11.06.2024

ASTRAZENECA ҚАЗАҚСТАНДА БІРЕГЕЙ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ КЕЛІСІМШАРТТЫҚ ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСАДЫ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор алаңында AstraZeneca Британдық-Швед фармацевтикалық компаниясының өкілдері – Қазақстандағы директор Мария Шипулевамен және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Жалғас Данияровпен кездесу өтті.

Күн тәртібінде тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық екіжақты әріптестіктің негізгі аспектілерін қарастырды. Қазақстанда бірегей дәрілік заттарды келісімшарттық өндіру жобасын дамытуға ерекше назар аударылды.

Жергілікті жерлерде келісімшарттық өндіріске жоспарланған дәрі-дәрмектер патенттелген және инновациялық болып табылады. Жергілікті алаңдарда өндіріс нарықтағы отандық шығарылымдағы дәрі-дәрмектердің үлесін 50%-ға дейін жеткізудің кезекті қадамы болады.

Жобаны дамыту бастамасы Қазақстан үкіметінен толық қолдау алды. 2020 жылы Қазақстанда өндірісті оқшаулау үшін трансұлттық компанияларды тартуды қамтитын фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді.

2021 жылы Астанада ҚР ДСМ мен AstraZeneca компаниясының Қазақстандағы өкілдігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. 2022 жылы Лондонда ҚР ДСМ мен AstraZeneca арасында меморандум жасалды. 2023 жылдың қазан айында ҚР ДСМ AstraZeneca бірегей патенттелген дәрі-дәрмектерін келісімшарттық өндіру жобасын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын бекітті.

Ал 2024 жылдың сәуір айында ҚР Денсаулық сақтау министрі оқшаулау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Қазіргі уақытта жақын арада ұзақ мерзімді шарт жасасуға дайындық пысықталуда.

«Біз саланың жаһандық ойыншысымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және елдің фармацевтикалық инфрақұрылымын дамытуға ұмтыламыз. Қазақстандағы жергілікті алаңдарда келісімшарттық өндіріс жобасы фармнарықты дамытудың маңызды кезеңі болады», - деп атап өтті Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев.

Сонымен қатар, AstraZeneca елдің бірнеше медициналық мекемелерінің негізінде алғашқы клиникалық зерттеуді бастауды жоспарлап отыр. Біз Қазақстандағы кардиология саласындағы III кезеңді зерттеу туралы айтып отырмыз. Алғашқы пациенттер зерттеуге 2024 жылдың соңында кіреді. Бұл қадам елдің ғылыми-зерттеу қызметінің, фармацевтикалық индустриясының және кадрлық әлеуетінің одан әрі дамуына әсер етеді.

Айта кету керек, AstraZeneca әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың ондығына кіреді. 2022 жылы компанияның жалпы жылдық кірісі компания тарихында алғаш рет 40 миллиард доллардан асып, 45 миллиард долларға жетті.

Idea Pharma индексіне сәйкес, 2023 жылы AstraZeneca өнертабыс индексінде бірінші орынды сақтап қалды. Жоғары баға 180-ге жуық жобаны қамтитын тез дамып келе жатқан жоба портфолиосымен ғана емес, сонымен қатар оның ауру салаларына және қанағаттандырылмаған қажеттіліктері бар пациенттер тобына айтарлықтай әсер ету әлеуетімен байланысты. Сарапшылар сонымен қатар AstraZeneca-нің жасанды интеллект арқылы дәрі-дәрмектерді әзірлеуге салған инвестициясы саладағы ең жоғары инвестициялардың бірі екенін атап өтті.

Инновациялық дәрі-дәрмектердің өндірісін, оның ішінде технологиялар трансфертін, бірегей дәрілік заттарды оқшаулауды және субстанциялар өндірісін дамыту қазақстандық фарминдустрия үшін түйінді мәнге ие.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында келісімшарттық өндіріс шеңберінде инвестициялар тарту және инновациялық фармацевтикалық өнімді жергіліктендіру жөнінде Бірыңғай дистрибьютор бастама көтереді.

   Кездесу соңында тараптар қазақстандық нарықты кеңейту және өзара тиімді әріптестікті нығайту перспективасымен тығыз жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Саланы дамытудың тиімді көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі атап өтілді.

         Анықтамалық:

AstraZeneca онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты емдік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағытталған халықаралық ғылыми бағытталған биофармацевтикалық компания. Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан Компания 100-ден астам елде ұсынылған.

 

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще