Бүгін Kazakh Invest алаңында «АстраЗенека» фармгигантымен оригиналды патенттелген дәрі-дәрмекті жеткізудің ұзақ мерзімді шартына қол қойылды.
«АстраЗенека» тарапынан кездесуге мемлекеттік органдармен және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер Жалғас Данияров және нарықтарға қол жеткізу жөніндегі директор Андрей Иванов қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Ұлыбританияның Бизнес және сауда департаменті директорының орынбасары Стивен Бреннан, Швецияның Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Руслан Оразалинов, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Елекеев, Task Force басқарушы директоры Азамат Қожанов.
ҚР ДСМ өкілдерінің арасында – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры Аслан Кинаятов, Денсаулық сақтау министрінің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ғалым Әміреев бар. СҚ-Фармациядан Басқарма Төрағасының м.а. Руслан Нұрмұханов және атқарушы директор Асхат Мүбараков қатысты.
Қазақстанның фармацевтика саласына шетелдік инвесторларды тарту үшін СҚ-Фармация мен Kazakh Invest арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжат шеңберінде тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдайды.
«Бүгін біз «АстраЗенека» мен СҚ-Фармация арасындағы ұзақ мерзімді шартқа қол қойылғанына куә болып отырмыз. Бұл биотехнологиялық дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға оң серпін береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Инвестициялық штабтың осы процеске белсенді қатысуын атап өткім келеді. Онда фармацевтикалық компанияларға, «Bigpharm» компанияларының бірқатар жобаларына қатысты мәселелер бірнеше рет талқыланып, өз кезегінде «АстраЗенека» сияқты жекелеген кейстерге айналған» - деді «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ-ы Басқарма Төрағасы Ержан Елекеев.
Бұл шарт ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және қажетті дәрілік заттармен тұрақты әрі сапалы жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Британдық-Швед фармацевтикалық «АстраЗенека» компаниясы әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады. «АстраЗенека» өнімдерінің портфолиосы кардиология, пульмонология, нефрология, метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық аурулар, онкология және сирек кездесетін аурулар сияқты емдік салалардағы дәрі-дәрмектерді қамтиды.
Жасалған ұзақ мерзімді шарт шеңберінде «АстраЗенека» тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы аумағында келісімшарттық өндірісті жолға қоюға және Қазақстанда өндірілген бірегей патенттелген дәрілік дәрі-дәрмектерді жеткізуді ұйымдастыруға ниетті.
«АстраЗенека» Қазақстан директоры Мария Шипулева: «Бүгін СҚ-Фармациямен компаниямыздың Қазақстанда дәрілік заттар өндіру жөніндегі жоспарларын көрсететін маңызды шартқа қол қойдық. «АстраЗенека» инновациялық дәрі-дәрмектерді отандық өндіруші – «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-ы алаңында шығаратын болады. Атап айтқанда, қант диабетін, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін, бүйректің созылмалы ауруын емдеуге, созылмалы лимфоцитарлы лейкозды және мантия жасушалы лимфоманы емдеуге, аналық без обырын, сүт безі обырын, простата обырын, ұйқы безі обырын емдеуге, сондай-ақ өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіру жоспарлануда. СҚ-Фармациямен ұзақ мерзімді шарт шеңберіндегі біздің қызметіміз еліміздің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға, ең бастысы қазақстандық пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеміз».
Бұл маңызды қадам Қазақстанда пациенттер үшін жоғары сапалы дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға көмектеседі.
Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан мен Швеция арасындағы әріптестік жолдарын қарау бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге бастамашылық жасап, фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді позицияны ұстанады. Бүгінгі ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасу барлық алдыңғы уағдаластықтардың және «АстраЗенека» жетекші фармакомпанияларының бірімен тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесі болды.
«Біз Бірыңғай дистрибьютор ретінде ұзақ мерзімді шарт шеңберінде өз функцияларымызды орындауға толық дайын екенімізді білдіреміз және саланы серпінді дамыту бойынша, оның ішінде BigPharma-ны отандық фармнарыққа тарту бойынша жан-жақты жұмысты жалғастырамыз», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Руслан Нұрмұханов.
«АстраЗенека»-мен ынтымақтастық Қазақстанның фармацевтикалық индустриясына инновациялар мен жаңа ғылыми әзірлемелер әкеледі, сондай-ақ тәжірибе алмасу арқасында қазақстандық мамандардың біліктілігін арттырады деп болжануда.
Айта кету керек, бұған дейін Pfizer және Roche сияқты саланың жаһандық ойыншыларымен ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылған болатын. Қол қою еліміздегі басты инвестициялық оқиға – жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өтті.