Жаңалықтар
23.10.2024

БАҚЫТЖАМАЛ ҚҰРМАНОВА РЕСПУБЛИКА КҮНІНІҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАҒА ИЕ БОЛДЫ

23 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Республика күнінің Ұлттық мерекесі қарсаңында көрнекті денсаулық сақтау қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы еңбек жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен «СҚ-Фармация» ЖШС Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының I санатты бас менеджері Бақытжамал Құрманова марапатталды.

Бақытжамал Құрманова Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Биология. Биология және химия пәнінің оқытушысы» және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Провизор» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1994 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады.

Бақытжамал Садыққызының жалпы жұмыс өтілі – 38 жыл, оның 36 жылын денсаулық сақтау саласына арнады. Бақытжамал Садыққызы еңбек жолын 1986 жылы №2 Жалтыр орта мектебінде биология және химия пәнінің оқытушысы ретінде бастады. Алматы дәрігерлерді жетілдіру институтында ғылыми қызметкер, академик Б.У. Жарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығында және Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы Фармакологиялық орталығының ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап Бақытжамал Садыққызы «СҚ-фармацияда» жұмыс істейді, бас менеджерден басқарушы директорға дейін қызмет атқарды. Ол Бірыңғай дистрибьютордың қызметі шеңберінде отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның қатысуының арқасында нормативтік құжаттар әзірленді, бизнес-процестерді автоматтандыру енгізілді және сатып алу рәсімдері жаңғыртылды және т. б.

Бақытжамал Құрманова әріптестері арасында жоғары беделге ие, әрқашан өз тәжірибесімен және білімімен бөлісуге дайын. «СҚ-Фармация» ұжымы Бақытжамал Садыққызын лайықты наградасымен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби қызметте жаңа табыстар тілейді!

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще