Жаңалықтар
10.08.2024

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР МЕН «ХИМФАРМ» АҚ: ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

«СҚ-Фармация» басшысы Еркен Жакатай «Химфарм» АҚ отандық фармацевтикалық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Компанияның атынан госпитальдық бизнес және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Айгүл Исенова және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі менеджер Дидар Досходжаева қатысты.

Кездесу барысында Айгүл Исенова компанияның соңғы жетістіктері туралы айтып берді. Атап айтқанда, «Химфарм» АҚ SANTO Member of Polpharma Group сауда белгісімен Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық кәсіпорны, Шымкент қаласында зауыты бар, 12 фармакотерапиялық топта 240-тан астам жалпы дәрі-дәрмектер портфелі бар екенін атап өтті.

Химфарм - Қазақстанда шыны ампулалар мен құтыларға оралған инъекциялық ерітінділер мен ұнтақты дәрілік нысандардың жалғыз отандық өндірушісі болып табылады. Фармакомпанияның өз R&D зертханасы және Өзбекстанға, Ресейге, Моңғолияға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға экспортталатын дәрілердің кең портфелі бар.

Бүгінгі таңда СҚ-Фармация мен «Химфарм» АҚ арасында дәрілік заттардың 186 атауын жеткізуге 9 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

«Біз ғылыми-зерттеу сынақ орталығымызды жаңғыртуды және жаңа жобаларды іске асыру үшін онда қызметкерлер құрамын 20-25%-ға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ бүгін GMP халықаралық стандартына сәйкес келетін жаңа зертхана салынуда», - деп атап өтті Айгүл Исенова.

Өз кезегінде, «СҚ-Фармация» Басқарма төрағасы Еркен Жақатай өзара ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Бірыңғай дистрибьютор саланың жүйелі проблемаларын шешу және дамыту мақсатында медициналық, ғылыми және бизнес қоғамдастық үшін диалог алаңы болуға дайын екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар фармацевтика өнеркәсібін дамытудың неғұрлым тиімді көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігерді шоғырландыруға келісті.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"