Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
18.10.2024

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ЖӘНЕ БҰҰДБ: ИНДОНЕЗИЯНЫҢ SMILE ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ

СҚ-Фармация және БҰҰДБ өкілдері Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың логистикасын жақсарту мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізді.

Келіссөздерде БҰҰДБ Индонезия Smile ақпараттық жүйесін ұсынды.

Smile – Индонезиядағы вакциналарды жеткізу жүйесін жақсартуға арналған инновациялық технологиялық шешім. Осы қосымшаның арқасында Денсаулық сақтау министрлігі мен BioРharma дистрибьюторы Үкіметтің интеграцияланған денсаулық сақтау орталықтарына жеткізетін барлық вакциналарын нақты уақыт режимінде суық тізбекті логистика мен сақтауды қадағалайды.

Тараптар фармацевтикалық логистиканы жақсарту үшін Қазақстанда осындай жүйені енгізудің техникалық аспектілері мен мүмкіндігін талқылады.

Логистика басқармасы және СҚ-Фармация IT мамандары индонезиялық әріптестерінің тәжірибесін алуға мүдделі. Кездесу соңында ZOOM қатысушылары жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа келді.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰДБ еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыруды жетілдіру бойынша кеңес ұйымдастырған болатын. Оған СҚ-Фармация да қатысты. Кездесуде БҰҰДБ SMILE шешімін ұсынып,  СҚ-Фармациямен табысты бірлескен жобаны және максималды нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жоспарлау мен болжаудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

Посмотреть еще