Бүгін, 10 қазан күні, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтілуде. Мақсаты – психикалық әл-ауқаттың маңыздылығына назар аудару. Бұл күн денсаулық тек физикалық жағдай ғана емес, сонымен бірге ақыл мен жанның үйлесімділігі екенін еске салады.
Психикалық денсаулық – адамның негізгі құқықтарының бірі. Бұл адамдарға өмірдегі стресстік жағдайларды жеңуге, өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысты оқуға және жұмыс істеуге, сондай-ақ қоғамға үлес қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жеке, әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық даму үшін өте маңызды.
СҚ-Фармация бүкіл ел бойынша психикалық бұзылулардың алдын алу және емдеу үшін сапалы препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, халықтың психикалық денсаулығын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда. Компанияның қолдауы мен күш-жігерінің арқасында миллиондаған қазақстандықтар қажетті дәрі-дәрмектерді уақтылы алып келеді.
Компания жыл сайын психикалық ауруларды емдеуге арналған препараттарды сатып алады. Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдарға дәрілік заттардың 36 түрін сатып алып, жеткізді. Амбулаториялық-емханалық қамтамасыз ету аясында медициналық ұйымдарға 27,5 миллион препарат жеткізілді, ал стационарлық көмек көрсету үшін 6,7 миллион дәрілік зат жөнелтілді.
Биыл Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» ұранымен өтуде. Әрқайсымыздың күш-жігеріміз өмір мен жұмыстың барлық деңгейлерінде қолдау ортасын құруға көмектесетінін түсіну маңызды.