Жаңалықтар
12.04.2022

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОРДЫҢ ЛОГИСТИКА ЖҮЙЕСІ

"СҚ-Фармация" ЖШС (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютор) құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін ТМККК аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дистрибьюциялау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алу Ежелеріне сәйкес қызметтерді аутсорсингке беру арқылы жүзеге асырылады. Үкіметінің 09.02.2021 жылғы №47 қаулысымен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады.

Ережелерде "тарату орталығы (хаб)" деген ұғым бар және хабтар арқылы сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында сатып алынады деп ұйғарылған.

13 облыс орталықтарында тауарларды сақтау және операциялық қоймалар арқылы тасымалдау қызметі сатып алынады.

Хабтар – бұл А және В класындағы қоймалар, функционалды түрде дәрі-дәрмектерге 2-6 айлық қажеттіліктің үлкен көлемін қабылдауға және сақтауға арналған.

Хабтардың географиялық орналасуын ескере отырып (1-сурет), хабтардан операциялық қоймаларға жеткізу бір тәулік ішінде жүзеге асырылады (ШҚО және Маңғыстау облысы-1,5-2 тәулікке дейін):

- СҚО, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары Нұр-Сұлтан қаласындағы хабтан;

- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алматы қаласындағы хабтан;

- Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары Шымкент қаласындағы хабтан;

- Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары Ақтөбе қаласындағы хабтан.

Операциялық қоймалар – көлемі шағын қоймалар, өзінің функционалдық мақсаты бойынша тауарды ұзақ сақтамайды, дәрі-дәрмектер алу және әрі қарай облыстың медициналық ұйымдарына транзитпен жіберу (cross docking) үшін ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылы төрт өңірде (Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстары) Операциялық қоймалар қызметі сатып алынған жоқ.

Сонымен бірге, Еределерде тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді операциялық қоймалар арқылы сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тарату орталығы қызмет көрсету өңірінің осындай әкімшілік-аумақтық бірліктерінде (облысында) тауарларды сақтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді.

 Осылайша, Бірыңғай дистрибьютор қызметті еліміздің барлық 17 әкімшілік-аумақтық бірліктерінен сатып алынады.

Дәрі-дәрмек қалдықтарының мониторингі

 

Бірыңғай дистрибьютор тұрақты негізде Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қалдықтарының мониторингін және медициналық ұйымдардағы препараттар қалдықтарының мониторингін жүзеге асырады.

Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде (БФАЖ) нақты өңірдегі қалдықтар бойынша тұтас көрініс жасау мақсатында стационарлық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қалдықтарының мониторингі бойынша есептік нысан бар.

Қайта жүктеу бағдарламасы шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың БФАЖ-бен интеграцияланған ақпараттық жүйелерінің моделін ұсынды (2-сурет). Осы мақсатты шаралар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды халыққа үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді, ағындарды нақты жоспарлау мен басқаруды, өтінімдерді өңдеу құны мен уақытын азайтуды қамтамасыз ете отырып, жеткізу мерзімдерін қысқартуға көмектеседі деп күтілуде.

Вакциналарды сақтау және тасымалдау.

Дәрілік заттардың, әсіресе, вакциналардың сапасын сақтау мақсатында оларды сақтау және тасымалдау өндіруші белгілеген температуралық режимге сәйкес қатаң жүзеге асырылуы тиіс. "Суық тізбекті" сақтау өнімнің соңғы науқасқа дейінгі қозғалысының әр кезеңінде температура режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етілетіндігін білдіреді. Бұл ретте әрбір деңгейде жауапты ұйым және жауапты тұлға бекітіледі (3-сурет).

Бұл шаралар заңнамамен бекітілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген GDP тиісті дистрибьюторлық практика стандарты да қарастырылған. "Халық денсаулығы және ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексімен ДЗ сақтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетушілердің GDP стандартын міндетті түрде сақтауы ұйғарылады.

Вакциналардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету мақсатында GDP стандартына сәйкес:

- барлық қоймалар үздіксіз қоректенудің резервтік көзі және берілген температурадан ауытқу туралы хабарлау жүйесі бар тоңазытқыш камераларымен жабдықталған.;

- температура ауытқулары мен экстремалды температураны көрсететін орындарда орналасқан сенсорлары бар Температура мен ылғалдылықтың үздіксіз мониторингінің калибрленген жүйелері орнатылды;

- сенсорлар уақытша факторлардың әсерін азайту үшін орналастырылған (есіктің ашылуы).

Вакциналарды тасымалдау салқындату жүйесін қолдайтын автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.

Қайта жүктеу бағдарламасы аясында Бірыңғай дистрибьютор вакциналардың суық тізбегін цифрландыру бойынша пилоттық жоба жүргізіп, әрбір қаптаманы тасымалдау кезінде орналасқан жерін, температуралық режимін қадағалау мүмкіндігі берілді.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
03 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"