Жаңалықтар
10.10.2024

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІЛЕРДІҢ БІРҚАТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАТЕНТТЕЛМЕГЕН АТАУЛАРЫНА ЖАҢА ШЕКТІ БАҒАЛАРДЫ БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 671 бұйрығымен «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Жаңа бұйрықта келесі препараттардың бағасы өзгерді:

- инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг түріндегі ампициллин;

- инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг түріндегі ампициллин;

- бұлшықет ішіне және вена ішіне қолдануға арналған ерітінді 5 мг/мл 2 мл түріндегі диазепам;

- инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл түріндегі пиридоксин гидрохлориді;

- инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 г ұнтақ түріндегі цефазолин;

- инъекцияға арналған ерітінді 500 мкг/мл 1 мл түріндегі цианокобаламин.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Құжаттың ресми жариялануы 2024 жылдың 8 қазанында өтті.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24RR000671

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще