Жаңалықтар
05.04.2024

ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТЕР: САРАПШЫЛАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін елордада ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен «Денсаулық жолындағы серіктестер» форумы өтті.

Форум аудиториясының қатарында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, Сәлидат Қайырбекова атындағы ҰҒДДО Басқарма Төрағасы Гүлнар Құлқаева, ҰДЗСО Бас директоры Ерден Даутбаев, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев болды.

Сонымен бірге, серіктес-елдер атынан – ЕО, АҚШ, ГФР, Франция, Оңтүстік Корея, ҚХР, Жапония, Түркия, Ұлыбритания, Швейцария, Швецияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ БҰҰ Агенттігінің өкілдері мен дамыту жөніндегі серіктестер – Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік зооветеринарлық ұйым, Халықаралық даму агенттігі сияқты даму жөніндегі серіктестер қатысты АҚШ (ЮСАИД), АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC), Ислам даму банкі, Азия Даму Банкі және Еуразиялық Даму Банкі қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Стори, ЕО-ның Қазақстандағы өкілі Кестутис Янкаускас және ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла құттықтау сөз сөйледі.

Диалог алаңы Денсаулық сақтау министрлігінің еліміздегі қоғамдық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтау жүйесін қолдайтын және ілгерілететін халықаралық ұйымдармен және даму жөніндегі әріптестермен ынтымақтастығына жәрдемдесу арқылы Қазақстандағы адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту жолында елді қолдау мақсатында құрылды.

Форум барысында тараптар денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін, жақсарту саясаты мен стратегияларын, қоғамдық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін білім мен озық тәжірибемен алмасуды талқылады.

Күн тәртібінде – Қазақстанның денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық бағыттары мен басымдықтары, дипломатиялық және сараптамалық қоғамдастықпен күш-жігерді шоғырландыру; Дүниежүзілік денсаулық күні 2024 және Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы және жоспарланған бастамалар.

Қазақстанның Даму стратегиясы-2050 ұлт денсаулығын елдің табысты болашағының негізі ретінде айқындайды. Онда денсаулықты нығайту және қорғау, сондай-ақ адамдарға қажет жерде және қашан жоғары сапалы қызмет көрсету бойынша кешенді іс-шаралар көрсетілген.

Денсаулық сақтауды кешенді дамыту салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа жәрдемдесу мақсатында БҰҰ агенттіктері мен басқа да халықаралық ұйымдар сияқты ұлттық және халықаралық серіктестердің тәжірибесі мен ресурстарын біріктіретін көп қырлы шараларды талап етеді – ТДМ 3.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-мен ынтымақтастықта Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы негізгі ұлттық басымдықтар туралы хабардар ету, бірлескен күш-жігерге шақыру, қолданыстағы бастамаларды белгілеу және жоспарланған жобалардың тұтастығын қамтамасыз ету үшін халықаралық әріптестердің, донор елдердің және сараптамалық агенттіктердің алғашқы кездесуін шақырады.

Форум сессиялары барысында серіктестер Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы және жоспарланған бастамаларды жариялады. Қорытындылай келе, қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бір-бірімен жемісті ынтымақтастық туралы ниет білдіріп, форумның келесі отырысының күндері мен тақырыптары анықталды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще