Жаңалықтар
07.04.2021

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ВАКЦИНАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ШПРИЦТЕР ҚОРЫН ҚҰРДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 2021 жылғы 1 ақпанда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялау басталды.

ҚР Президентінің бұқаралық вакцинацияны қамтамасыз ету жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФПИ) арасында бұрын қол қойылған Келісім шеңберінде "Спутник V" ресейлік вакцинасының 2 млн.90 мың дозасын сатып алды. Жалпы, ұжымдық иммунитеттің әсерін алу үшін елімізде 10 млн.адамды вакцинациялаумен қамту жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, Бірыңғай дистрибьютор Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауды дайындау бойынша алдын ала жұмыс жүргізді, бұл бір реттік шприцтердің қажетті қорын жасауға мүмкіндік берді. Вакцинаны енгізу үшін поршеньнің қайта қозғалуын бөгейтін құрылғымен жабдықталған, өздігінен бұзылатын 0,5 мл шприцтер қолданылады. Шприцтер өзін-өзі бұзады, яғни вакцинаның бір дозасын енгізгеннен кейін оларды қайта пайдалануға болмайды. Бұл шприцтерді қайта пайдалану нәтижесінде гемоконтактілік инфекциялармен жұқтыру қаупін азайтады.

2021 жылға Бірыңғай дистрибьютор 1,4 млн. шприц сатып алды, сондай-ақ вакцинаның I және II компоненттерін енгізуді ескере отырып, халықты вакцинациялаумен қамту үшін қосымша 10 млн. бірлік сатып алынды.

Бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына кестеге сәйкес 4,7 млн.бірлік шприц келіп түсті, оның ішінде денсаулық сақтау басқармаларының әртүрлі тапсырыстары негізінде өңірлерге 800 мың бірлік тиелді, бұл КВИ-ға қарсы вакцинаның тиелген көлемі үшін жеткілікті.

Ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына шарт бойынша 5,3 млн.бірлік мөлшерінде қалдық мерзімінен бұрын түседі.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта ҚР халқын вакцинациялау бағдарламасымен толық қамту және оның үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 9 млн.800 мың бірлік шприц көлемінде қосымша көлем сатып алу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек желісі бойынша 6,3 млн.бірлік көлемінде шприцтер қорын құру мәселесі пысықталуда.

Осылайша, ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың сәуір айының соңына дейін 10 млн. адамды вакцинациялауды ескере отырып, шприцтердің жеткілікті қоры қалыптастырылатын болады.

Дереккөз: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
03 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"