Жаңалықтар
11.04.2024

ИСПАНИЯ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУҒА МҮДДЕЛІ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор алаңында испандық ірі жабдық өндірушісі Dara Pharma-мен кездесу өтті.

Жергілікті өндіріс үлесін ұлғайту және шетелдік өндірушілермен ынтымақтастықты күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан нарығына әлемдік брендтерді тарту мәселелерін белсенді пысықтауда.

Қазақстанның инвестициялық ахуалын зерттей келе, Dara Pharma біздің нарыққа шығуға қызығушылық білдірді. Бүгінгі кездесу аясында компания медициналық мақсаттағы (адам немесе ветеринариялық) асептикалық/стерильді қаптамаларды толтыру үшін өзінің таныстырылымын өткізді. Сонымен қатар, оларды әлеуетті инвесторларға ұсыну үшін биофабриканың жобасын әзірлеу ұсынылды.

Тараптар жобаны іске асыру үшін әлеуетті алаңдарды және одан әрі қадамдарды айқындауға қатысты ынтымақтастық жолдары мен мәселелерді қарады. Қазіргі уақытта шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Kazakh Invest жұмыс шеңберінде испандық Dara Pharma компаниясымен бірге жүреді.

Бүгінгі таңда Dara Pharma фармацевтикалық, биотехнологиялық және косметикалық өнеркәсіпке арналған фармацевтикалық орау машиналарын нарықтағы ең озық технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етеді, бұл адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, стерильді жағдайда сұйық, жартылай қатты өнімдер мен ұнтақтарды өңдеуге арналған флакондарды, бөтелкелерді, шприцтерді, картридждерді және көктамыр ішіне құю пакеттерін жууға, зарарсыздандыруға, толтыруға, мұздатып кептіруге және жабуға арналған орау жабдықтарын жобалайды, әзірлейді және шығарады.

Диалог барысында шетелдік қонақтарға бірыңғай дистрибуция жүйесі, келісімшарттық өндіріс тетіктері, жақын және алыс шетелге экспорттау мүмкіндігі бар инновациялық дәрі-дәрмектерді өндіру жобалары бойынша бірқатар BigPharma компанияларымен жұмыс туралы айтылды.

Бірыңғай дистрибьютор басшысы Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібіне және отандық фармбрендтерге де баса назар аударды. Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі тиімді мемлекеттік қолдау шараларының арқасында тиімді инвестициялар үшін зор әлеуетке ие.

Инвестициялар туралы айта келе, қонақтардың назарына Kazakh Invest-пен бірлесіп әзірленген әлеуетті инвесторларға арналған INVESTMENT GUIDE BOOK нұсқаулығы ұсынылды, ол «бір терезе» қағидаты бойынша орауыштан бастап өндірістің толық цикліне дейінгі ірі дәрілік брендтердің елге кіруі үшін алаңды қамтамасыз етеді.

Соңында тараптар сындарлы диалог үшін бір-біріне алғыстарын білдіріп, мәселелерді одан әрі пысықтау үшін зум-кеңесін өткізуді жоспарлай отырып, жемісті және тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Екіжақты әріптестік Қазақстан аумағында жоғары технологиялық өндіріске, денсаулық сақтау саласында шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға серпін бермек.

Анықтамалық:

«Dara Pharma» 1996 жылы Ла-Гарригтегі (Барселона) 250 м² шағын өнеркәсіптік кәсіпорыннан басталды. Алғашқы жобалар қан өнімдерін асептикалық құюға арналған.

Dara Pharma халықаралық бағыты компания үшін өте маңызды, өйткені жабдықтың шамамен 97%-ы экспортталады. Сату тобы, жобаларды басқару және сатудан кейінгі қызмет көрсету халықаралық деңгейде жұмыс істейді және 80-нен астам елде ұсынылған.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще