Жаңалықтар
03.11.2022

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҮШІН ТӨЛЕМГЕ ҚАТЫСТЫ

Заңнамаға сәйкес, Қазақстанға әкелінетін дәрілік заттар кедендік ресімдеуге жатады.

Осылайша, Меморандум шеңберінде жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, СҚ-Фармация «Қазақстан Халқына» ҚҚ-ы сатып алған дәрі-дәрмектерді жеткізушіден алған кезде кедендік ресімдеуді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, шарттар талаптарында «Қазақстан Халқын» ҚҚ тарапынан кедендік ресімдеуге байланысты СҚ-Фармация шығындарын өтеу көзделген.

2022 жылғы 15 қыркүйекте СҚ-Фармация кедендік ресімдеуге байланысты жұмсалған шығындарды (кедендік алымдар, брокерлік қызметтер, әуежайдың УСҚ қызметтері, нұсқаулықтар мен стикерлер дайындау шығындары) өтеу үшін төлемге есепшот ұсынды.

Кедендік ресімдеу мен алымдарды төлеуге берілген есепшот сомасы – 191 056 теңгені құрады.  

Төменде есептеулер берілген:

  • · кедендік алымдар: 46 000 тг;
  • · брокерлік қызметтер: 96000,0 тг.;
  • · нұсқаулықтарды дайындау шығындары: 31 558,8 тг.;
  • · жапсырмаларды дайындау шығындары: 9 456,1 тг.;
  • · әуежайдың УСҚ қызметтері: 7375,0 тг.

Кедендік ресімдеуге және алымдарға кеткен шығындарды растайтын барлық құжаттар, сондай-ақ кедендік декларациялардың көшірмелері «Қазақстан Халқына» ҚҚ-ныңатынажолданды.

СҚ-Фармация тарапынан «Қазақстан Халқына» ҚҚ атына жоғарыда көрсетілгеннен басқа бөлек төлемдерге есепшот шығарылмаған.

Осылайша, СҚ-Фармация дәрілік заттарды қабылдауды, сақтауды және еліміздің барлық өңірлеріне тасымалдауды өтеусіз негізде, өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Жеткізушілер дәрі-дәрмектерді Қазақстанға дейін жеткізетінін атап өткен жөн. Өз кезегінде, СҚ-Фармация ел ішіндегі медициналық ұйымдарға дейін осы дәрі-дәрмектерді тасымалдауды және қабылдап алуды қамтамасыз етеді. 

Бұл ретте, «Қазақстан Халқына» ҚҚ мен жеткізушілер арасында жасалатын шарттарда медициналық ұйымдарға дейін жеткізу шарттарын қарастыру мүмкіндігі бар, бұл, өз кезегінде, СҚ-Фармацияның қатысу қажеттілігін болдырмайды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"